Өңірлік парк аумағында ерте көктемде гүлдейтін Кессельринг лапызы жайқалып тұр

Шұғылалы көктемнің бірінші аптасында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Сырдария филиалы Байырқұм орманшылығының аумағында ерте көктемде гүлдейтін гүлдердің тобында кездесетін кессельринг лапызы мен бәйшешектер жайқалып өсуде.

Кессельринг лапызы (лат. Colchicum kesselringii) – лапыздар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр, Қазақстан қызыл кітабынының екінші басылымына енгізу ұсынылған болатын. Алдынғы түрден де сирек кездеседі, бірақ республикадағы таралу аймағы кеңдеу, Батыс Тянь-Шань тау етегінен, Қаратау аласа тауынан және шу іле тауларынан басқа Памир - Алай тауында кездеседі.

2016 жылы өңірлік табиғи паркте белгілі кинооператор О.В.Беляловпен бірге Сырдария филиалы Байырқұм орманшылығының аумағынан бұрын бұл өңірдегі өсімдіктер тізіміне енбеген Қазақстанның Қызыл кітабына енген Кессельринг лапызы (Colchicum kesselringii Regel) гүлдеу фазасында анықталды. Бұл көпжылдық пиязшықтың саны азайып бара жатқаны сирек өсімдікке жатады.