«Парктер шеруі-2017» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Түркістан филиалы, Түркістан қаласы, Ораңғай ауылдық округі, Құсшы Ата елді-мекені, М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінде «Парктер шеруі -2017» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Парктер шеруінің басты мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын аудару және оларға нақты практикалық көмек көрсету, халықты экологиялық ағарту болып табылады.

«Парктер шеруі» – бұл экологияны қорғау акциясы. Оның тарихы 1990 жылдары АҚШ-та бастау алған. Оны 1995 жылдан Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерде жүйелі түрде өткізу дәстүрге айналған. Халықаралық акция адам­дарды табиғатты аялауға, оның қа­жеттілігін жете түсінуге және жұрт­ты осы бастамаға ұйыстыруды көздейді. Бұл шара облысымызда жыл сайын ұйымдастырылады. Соның аясында түрлі конференциялар, сенбіліктер, сайыстар, мектептерде тәрбие сағаттары да өтеді.

Аталған акцияға М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінен 3команда қатысты:

1 команда: «Жас ұрпақ» командасы;

2 команда: «Табиғат» командасы;

3 команда:«Аққайың» командасы.

Акция барысында ұйымдастырылған сайыстарда Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлім бастығы Насихат Нұрмаханқызы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалы директоры Берденов Нысанбек, М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінің психологы Экрамов Зайырхан әділ-қазылар құрамында болды.

«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясының ашылуы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлім меңгерушісі Насихат Нұрмаханқызының құттықтау сөздерімен басталды.

«Парктер шеруі-2017» табиғат қорғау акциясы аясында бірнеше кезеңдерден тұратын сайыс ұйымдастырылды.

1-кезең: «Сәлем сөздің анасы» атты командалар презентациялық таныстырылуы болды.

2-кезең: «Көркем поэзия» атты сайысы.

3-кезең: «Өнерлі оқушы» атты өнер сайысы, оқушылармен флеш-моб ұйымдастырылды.

4-кезең: «Сүйікті табиғатым» атты сайысы. Қатысушы командалар толығымен асфальтқа «ЭКСПО-2017» тақырыбында сурет салды.

«Парктер шеруі-2017» табиғат қорғау акциясының соңында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалының директоры Н.Берденов қатысқан командаларды дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

1-орынды «Аққайың» командасы

2-орынды «Жас ұрпақ» командасы

3-орынды «Табиғат» командасы иеленді.

Сонымен қатар «Парктер шеруі -2017» акциясы "Менің талым" атты ағаш егу акциясы бойынша жалғасты. Аталған мектептің 1 сынып оқушылары өз қолдарымен 30 түп қылқанжапырақты ағаштарды отырғызды.