Өңірлік табиғи паркте өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы іс-шарасы өз дәрежесінде өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2017 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №15 н/қ санды бұйрығы және өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 31 қаңтардағы «2017 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №9-ө санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу мақсатында 2017 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы, ал 1 сәуір  мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілген.Осы бұйрық негізінде өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда бұйрықтар шығарылды.

 Бас мекемеде және оған қарасты филиалдарда өрт қауіпті маусымға дайындық айлығының іс-шара жоспарлары жасалып, бекітілді.  Осы іс-шара жоспары аясында төмендегідей жұмыстаратқарылды:

- өрттің алдын алу мақсатында «Өңірлік парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша 2017 жылға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары» облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшаларымен келісіліп, бекітілді. Осы жоспардың негізінде Боралдай филиалы Бәйдібек ауданы аумағындағы, Сырдария филиалы Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласы аумағындағы, Түркістан филиалы Отырар ауданы мен Түркістан қаласы аумағындағы төтенше жағдай комиссиясының төрағалары, ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен «Орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» жасалып, бекітілді;

- бас мекемеде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және облыстық төтенше жағдайлар департаментімен келісілген, ал филиалдарда жергілікті атқарушы органдар, ауыл, қала әкімшіліктері және аудандық, қалалық төтенше жағдайлар мекемелерімен дала, орман өрттерін бірлесіп сөндіруге бойынша өзара іс-әрекет сызбасы жасалды.

- ағымдағы жылдың 27 қаңтарында өңірлік табиғи паркке қарасты Түркістан филиалында ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Отырар ММ-нің арнайы өкілдерінің қатысуымен өңірлік табиғи парктің ЕҚТА жерінде өрт қауіпі бар маусымға дайындық айлығында атқарылатын іс-шаралар мен санитарлық кесіктерді қағида талаптарына сәйкес жүргізу бойынша семинар кеңес өткізілді.

 Сондай-ақ, осы жылдың 29 қаңтарында өңілік паркке қарасты Сырдария филиалының Байырқұм орманшылығында орман өртінің алдын алу бойынша тәжірибелік семинар өткізілді;

- филиалдар бойынша индикативтік жоспарға сай өртке қарсы минералды жолақтарды жаңадан жасау және минералды жолақтарды күтіп-баптау, өртке қарсы жолдарды жөндеу жұмыстарының карта-сызбалары дайындалды;

- өрт сөндіру техникалары жүргізушілерінің, уақытша өрт сөндіру қарауылдарының тізбесі, телефондары және орналасу сызбасы жасалды;

- өңірлік парктің 20.02.2017 жылғы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №20-ө бұйрығымен оқу-жоспарының бағдарламасы бекітіліп, семинар сабақтарын өткізудің оқу-жоспарына сай Сырдария филиалында 23.02-24.02.2017 жылы, Түркістан филиалында               01.03-02.03.2017 жылы және Боралдай филиалында 10-11.03.2017 жылы бас мекеменің қызметкерлеріне оқу-семинар сабақтары өткізді.

Сонымен қатар, өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдардың өрт сөндірушілері мен өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілерін бастапқы дайындықтан өткізу іс-шаралары бойынша 22 қызметкер оқытылып, арнайы сертификат алынды;

- ауыл әкімшіліктерімен, жергілікті тұрғындармен және ауыл орта мектептерімен құрылған 85 ерікті өрт сөндіру командаларына 791 азамат жасақталды;

- өрт қауіпті маусымға дайындық айлығында филиалдардың ЕҚТА жерімен шектесіп жатқан 58 елді-мекен мен 185 шаруа қожалықтарымен орман өрттерінің алдын-алу, бірлесіп сөндіру жөнінде келісім-шарттар жасалынды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады;

- филиалдарда ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде автокөлік тұратын уақытша тұрақтар, демалатын, от жағатын, темекі шегетін және су алатын орындар белгіленіп, жаңарту жұмыстары жүргізілді;

- филиалдар бойынша ауа-райының қолайсыздығынан бүлінген аншлаг-панноларды жаңарту жұмыстарының карта-сызбалары мен үлгілері дайындалды;

- 2017 жылдың индикативтік жоспарына сәйкес ЕҚТА жерімен шекаралас жердегі шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жинақталған құжаттары мен карта-сызбалары негізінде Сырдария филиалында 60 шақырым, Түркістан филиалында 50 шақырым жерде орындалды;

- филиалдардың ОӨСС-ғы орман өртіне қарсы техникалар жөндеуден өткізілді, сонымен қатар қажетті өрт сөндіру құралдарымен толықтырылды. ОӨСС-ның паспортары жаңартылды;

- филиалдардағы ОӨСС-да жанар-жағар май қорының жасақталуы Боралдай филиалында 200 литр дизельді отын, 200 литр АЙ-80 маркалы бензин, Сырдария филиалында 200 литр дизельді отын, 200 литр Ай-80 бензин және Түркістан филиалында 400 литр Ай-80 маркалы бензин, 400 литр дизельді отын қоры бөшкелерде сақталып қойылды;

- Боралдай филиалы 1 дана өрт бақылау мұнарасы және 3 дана дүрбілермен, Сырдария  филиалы 11 дана бақылау мұнаралары және 18 дана дүрбілермен,  Түркістан филиалы 10 дана өрт бақылау мұнаралары және 6 дана дүрбілермен жабдықталған;

- мемлекеттік инспекторлар күзет көліктерінің жай-күйіне келсек,  Боралдай филиалында 22 бас мініс ат және 8 дана мотоциклдермен, Сырдария филиалында 10 бас мініс ат және 5 дана мотоцикл көліктерімен және Түркістан филиалында 8 бас мініс ат пен 11 дана мотоциклдермен қамтамасыз етілген;

- Боралдай филиалында 16 дана, Сырдария филиалында 40 дана және Түркістан филиалы бойынша 24 дана радио байланыс құралдарының жай-күйі пысықталды;

- Боралдай филиалының айналымдарындағы 15 дана, Сырдария филиалының айналымдарындағы 38 дана, Түркістан филиалында 27 дана өрт сөндіру қалқандары жаңартылып, құрал-саймандармен толықтырылды;

- бас мекеменің 15.03.2017 жылғы «Өңірлік табиғи парк аумағында өрт қауіпті маусымда кезекшілік ұйымдастыру туралы» №31-ө санды бұйрығы негізінде филиалдарда кезекшілік бекіту бұйрығы шығарылып, осы бойынша бас мекеме мен филиалдарда кезекшілік кестесі түзілді;

- филиалдарда мемлекеттік инспекторларға айналымдарын жер бетінде күзету маршруттары бекітіліп, айналым төқұжаттарына толықтыру енгізілді;

- бас мекемеде және филиалдарда 2017 жылға арналған орман өрттерін тіркеу журналдары арналып, жаңартылды;

- өрт қаупі бар маусымына дайындық кезеңі барысында бас мекеменің мамандары жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, орын алған кемшіліктерді шұғыл жою жөнінде ұсыныстар берілді;

- орман өрттерінің алдын алу, табиғатты аялап, қорғау жөнінде үгіт насихат жұмыстары шеңберінде жыл басынан БАҚ-да 56 мақала, 3 рет теледидардан сұхбат берілді, жергілікті тұрғындар, мектептер, ұжымдарда 129 рет баяндамалар мен  әңгімелер  өткізіліп, оған 1040 адам қатысты. Сондай-ақ, 1106 дана естеліктер мен үн-парақ қағаздары таратылды.

Өрт қауіпі бар маусымда да үгіт-насихат жұмыстары үздіксіз жалғасатын болады.