«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілді

Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік ттабиғи паркінің бас мекемесінде ацияға 50 түп жеміс ағашы, 20 түп қылқан жапырақтылар және 100 түп жәй гүдер мен 40 түп роза гүлдері отырғызылды. Аталмыш акцияға 20 адам қатысты.

Боралдай филиалындағы теректі демалыс аймағында 50 түп өрік ағашы мен тұқымбақтағы 1 га жерге 833 түп жеміс ағаштары және мектп орманшылығына 200 түп қарағаш отырғызылып, 30 адам қатысты.

Сонымен қатар Түркістан филиалындағы Бұғы тұқымбағына, Балтакөл демалыс аймағына, ОӨСС мен мекемесіне 49 түп қылқан жапырақтылар және 2 га жерге 1250 түп жаңғақ ағашы мен мектеп орманшылығына 21 түп қылқан жапырақтылар және толықтыру жұмыстарына 10 000 түп ағаш бұталар отырғызылды. Акцияға 70 адам қатысты.

Республика бойынша ағымдағы жылдың 22 сәуір күні өткізілген «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына жалпы 120 адам қатысты.