Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркі» КММ-нің бас мекемесінде өңірлік парктің қызметкерлеріне кадр жөніндегі инспектор Дүйсенкүл Пермашқызы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы қойылған міндеттері бойынша баяндама оқыды.

Елбасы бұл мақалсында елімізде қазіргі таңда саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға лағанымызды айта отырып, еліміз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін рухани жаңғырудағы бастау жөнінде өз көзқарастарын жариялады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу деп көрсетіп отыр. Ол ұлтымыздың ғасырлар бойы жасаған руханияты. Руханияты мықты халық қана «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп айта алады. Қазақты жойылып кетуден аман сақтап, ХХІ ғасырға жеткізген осы ұстаным, осы намыс. Елбасы бұл ретте тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті. Олар: бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емесс, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.