Өңірлік табиғи парктің Боралдай өңірінде Ресей ғалымдарымен бірлесіп ары қарай биологиялық алуантүрлілік бойынша далалық ғылыми зерттеулері жүргізілуде

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Ресей ғалымдарымен, бірегей Боралдай өңірінің биологиялық алуантүрлілігін ары қарай тереңдеп жүргізу мақсатында  гербарийлер жинау, фенологиялық бақылаулар жүргізу үшін осы жылғы маусым айында Боралдай филиалының Қаратаудың Боралдайтау өңірінде бұрын қамтылмаған учаскелерде кезекті далалық ғылыми зерттеулер жүргізді.

Осы уақытқа дейін соңғы үш жылда осы өңірдегі флораның тізбесіне енбеген өсімдіктердің 54 жаңа түрі анықталып, тіркелді.

Ресей ғалымдарымен бірге Боралдай филиалының №9 орман айналымында, №10 орман айналымында және №12 орман айналымында өсімдік жабындысы және флорасына далалық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Кузбасс ботаникалық бағының жетекші инженер-зерттеушісі Куприянов Олег Андреевич бұрын қамтылмаған учаскелерде өсімдіктердің гербарийін жинау барысында.

Биология ғылымдарының докторы, профессор, Кузбасс ботаникалық бағының меңгерушісі Куприянов Андрей Николаевич гербарийлерді дұрыс жинақтақтауын нұсқаулыққа сәйкес тиісті деректерді толтыру жөнінде өңірлік табиғи парктің  ғылыми қызметкерлеріне үлгісін көрсетіп үйретуде.

Ресей ғалымдары өздеріне қажетті материалдарды толық жинақтап алды. Жинақталған материалдар лабораторияда зерттеліп, түрлері толық анықталады, қорытындысы туыстар мен тұқымдастар бойынша жүйеленіп өңірлік табиғи паркіне беріледі. Парк қызметкерлері Ресей ғалымдарынның өсімдік түрлерінен гербарийлер алу, гербарийлерді қалай жинақтау жөніндегі жұмыстарынан тәжірибе ала отырып, ғылым бөлімінің гербарий қорына 85 түрлі өсімдіктің гербарийлерін жинақтады, нәтижеде қазіргі таңда өңірлік парктің қорында гербарийлердің  саны 635 данаға жетті.

Ресей ғалымдары биология ғылымдарының докторы, профессор, Кузбасс ботаникалық бағының меңгерушісі Куприянов Андрей Николаевич, биология ғылымдарының докторы, профессор, Томск мемлекеттік университеті, ботаника кафедрасының ғылыми қызметкері Эбель Александр Леонович, биология ғылымдарының докторы, профессор, Орталық Сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері Лащинский Николай Николаевич, Кузбасс ботаникалық бағының жетекші инженер-зерттеушісі Куприянов Олег Андреевич, биология ғылымдарының кандидаты, Кузбасс ботаникалық бағының лаборанты Хрусталева Ирина Артуровна өңірлік табиғи паркке қарасты Боралдай филиалының аумағында бұрын өздері бармаған, толық зерттелмей қалған учаскелерді биологиялық алуантүрлілік бойынша далалық ғылыми зерттеулер жүргізуді жалғастырып, гербарийлер жинау мен қосымша тағы да фенологиялық бақылауларды жасау тиісті мәліметтерді нақтылау мақсатында келіп, тиісті гербарийлер жиналды.

Бұл өңірдің өсімдіктері жөнінде жаңа мәліметтер алынады деп күтілілуде.