Өңірлік парк аумағындағы шетелдік туристер

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалында, Төменгі Боралдай бөлімінде Қытай халық Республикасынан шетелдік туристер келіп демалуда. Құрылғанына небәрі төртінші жылға қадам басқан жас парктің ғаламтор желілері және өзінің ресми сайты арқылы шетелдік туристердің қызығушылығының арттырғаны қуантарлық жағдай. Қытайлық Коу Шо Фын, Пай Ли Шин, Ван Жи, Су Че Фан есімді туристер өңірлік парктің табиғаты мен ұсынылған қызмет түрлеріне жоғарғы баға беріп, өз пікірлерін жазды.

Өңірлік табиғи парк аумағындағы демалушылар мен туристер