Археологиялық қазба жұмыстары

Өңірлік табиғи парк аумағындағы Боралдай филиалының Төменгі Боралдай бөлімінде Ә.Марғұлан атындағы археология институтының археологтары біздің ғасырымызға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрынғы мекен еткен адамдардың тұрмыстық қалдықтарын зерттеуде.

Қазіргі таңда сол жерді мекен еткен адамдардың тұрмыстық заттары, табақатар, кесе, улкен және кішкентай асықтар, құмыра сияқты заттардың сынықтары табылған. Археологиялық қазба жұмыстары аяқталған соң табылған заттар институттың арнайы зертханасында зерттеліп қай ғасырға атқызылғандығы анықталатын болады.

Археологиялық топтың жетекшісі Горячев Александр Анатольевич қазба жұмыстарынан табылған заттар алдымен тазаланады, сосын студенттер оның ықтимал суретін салатынын, қай ғасырға жататыны анықталып, соңында табылған заттар өңірлік парктің келу орталығына тапсырылатыны туралы айтты.

Сонымен қатар бұл қазба жұмыстары кезіндегі ең нәтижелісі және құндысы - ол жартылай сынған май шам екен.

Ал қазірге, археологиялық топпен бірлесіп іс-тәжірибиелік пратикада журген Оңтүстік Қазақстан облысы М. Әуезов атындағы университеттің студенттері қазба жұмысарының қызықты және мағыналы өткізіліп жатқанына қуанышты екендерін жеткізді.