«Астана күні – Астана қаласының 19 жылдық мерекесі»

Астана күні - Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі. 2017 жылы Отанымыздың жүрегі, маңызды шешімдердің және егеменді Қазақстанның көрнекті жетістіктерінің ұстаханасы Астана өзінің 19 жылдығын атап өтуде. «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» қызметкерлері «Астана қаласының 19 жылдық мерекесі» тақырыбында салтанатты жиналыс өткізіліп баяндама оқылды.

Құрметті қазақстандықтар, қадірлі әріптестер! Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын. Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, - деп Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Бейбіт Мырзабайұлы алғы сөзін құттықтаумен бастады.

Жиналысымыздың жалғасы «Астана күні» мерекесіне орай мекеме ғимаратының айналасында сенбілік өткізілді.

Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған әз Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.