"Табиғатты сүйеміз - Қазақстанды сүйеміз"

Ағымдағы жылдың 15-16 тамыз күндері өңірлік табиғи парктің аумағында "Технодом Оператор" АҚ-ның өкілдері ұйымдастырған "Табиғатты сүйеміз - Қазақстанды сүйеміз" атты эко-жорық іс-шарасының өткізілді.

Осы эко-жорық аясында берілген жерлердегі қоқыстарды тазартуға аталған мекеменің 15 тамыз күні 100 адам, 16 тамыз күні 70 адам қатысты.

Аталған іс-шара бойынша қоқыс тазалау аймақтарында жоспар бойынша белгіленіп, байырқұм көпірінің екі жағы, Байырқұм және Тақыркөл орманшылықтарының ЕҚТА жерлері күл-қоқыстардан тазаланды.

Берілген мерзім аралығында жалпы 4 тележка қоқыс шығарылды. Сонымен қатар аталған іс-шара барысында жиналған қоқыстарды шығару үшін 2 дана трактор тіркемесімен, жергілікті ауыл әкімшілігі, жедел жәрдем медбикесі, полиция қызметкері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен іс-шара өз деңгейінде өтті.