Омыртқасыздар бойынша далалық зерттеу жұмыстары

Сырдария-Түркістан МӨТП-нің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың маусым айындаТүркістан филиалына омыртқасыздар бойынша коллекциялар жинау мақсатында қызметтік іссапарға барды. Жалпы омыртқасыздар бойынша 35 түрден 240 дана омыртқасыздар коллекцияға алынды. Партың Қызылшаруа орманшылығынан табылған Нағыз қалқаншалы қандала (Brachynema Purpureomarginatum Triguttatum fieber, 1870) ұқсас жәндік Балтакөл орманшылығынан, мия өсімдігінен 2 экземплярда табылды.

Сонымен қатар шілде айының 12-14 күндері аралығында Боралдай филиалына омыртқасыздар бойынша коллекциялар жинау, және гүлдеу жеміс салу фазасындағы өсімдіктерден гербарий жасау мақсатында далалық зерттеу іссапарда болды. Далалық іссапар барысында омыртқасыздар бойынша 60 дана омыртқасыздар коллекцияға алынды, 40 дана гербарий жиналды.

Қазіргі кезде жинақталған омыртқасыздардар энтомологиялық коллекция жасақталып, түрлері анықталуда.

Түркістан филиалы:

Боралдай филиалы:

Жабайы жүзім

Шренк тобылғытұсі қауымдастығы

Кәдімгі пісте-Фисташка обыкновенная

Корольков шаяноты