«Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям»

Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйек күндері Қаратау ауданы, Әмір-темір ауылында орналасқан «Үшбұлақ» сауықтыру лагерінде ОҚО білім басқармасының «Экологиялық орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям» атты тақырыбында, жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, ақыл-ой санасын салауатты өмір салты негізінде қалыптастыру мақсатында 3 күндік облыстық жас экологтар слеті өткізілді. Аталған іс-шараға өңірлік парк атынан экологиялық ағарту маманы Халикова Г.У. қазылар алқасына мүшелік етіп,өз үлесін қосып қайтты.