«Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы»

Қыркүйек айының 28-і күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының ұйымдастыруымен, туризм күніне орай «Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы» тақырыбында дөңгелек стол өтті. Аталған іс – шараға Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк тарапынан туризм мамандары өз үлестерін қосты.

Дөңгелек стол барысында ОҚО туризм саласын дамыту жайлы және өңірлік парк тарапынан туризм саласының едәуір дамып келе жатқандығы жайлы баяндамалар оқылып, жас студенттер мен қатысушы қонақтар ой пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар кеш барысында өңірлік парк тарапынан үгіт насихат ретінде дәріс оқылып, үн парақтар таратылды.