Боралдай тауының ауа-райы көрсеткіштерін анықтау жұмыстарын жүргізу

ҒАМ бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.Наров ағымдағы жылдың 02-04 қазан күндері Боралдай филиалына Кузбасс ботаникалық бағының жетекші инженер-зерттеушісі б.ғ.к., О.Купряновпен бірге бірлесіп, ауа температурасын өлшеуге арналған термохрон құрылғылардың көрсеткіштерін алу және өсімдіктердің түрлерімен жұмыс жасауға байланысты, тәжірибе алу мақсатында жұмыс жүргізді.

Боралдай филиалының Жоғарғы Боралдай учаскесінде №9, №8 айналымдарда, Қошқарқата, Боралдай өзендерінің атырауында және биік таулы беткейлерінде далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, күзгі гүлдеп тұрған өсімдіктердің гербарийлері жиналды. Сондай-ақ Кузбасс ботаникалық бағының жетекші инженер-зерттеушісі О.А.Купряновпен бірлесе ауа-райы температурасын өлшейтін құрылғылардың алты айлық көрсеткіштері алынып, мәлімет алынған құрылғыларға жаңа ақпараттық мәліметтер енгізілді. Сондай-ақ, алты ай бойында жұмыс істеуге сол жерлерге белгіленіп қойылды.

Боралдай тауының флорасының күзгі фазасы

Термхрон құрылғыларын алып, көрсеткіштерін алу барысы

Термохрон қойылған жерлердің белгіленген жерлері

Ауа температурасын өлшеуге қойылған құрылғылар және термохрон құрылғылары

Грейг қызғалдағы тұқым шашып қойылған