Өңірлік табиғи парктегі орманды молайту жұмыстары

Өңірлік табиғи парктің 2017 жылға арналған индикативтік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында 77 га жерге мәдени екпе себу жұмыстары қарастырылған. Бүгінгі таңда, аталған жерге себуге қажетті сексеуіл тұқымын жинау науқанына дайындық жүргізіуде.

Осы жылдың наурыз, маусым және шілде айларында 2012-2016 жылдары отырғызылған 574 га мәдени екпелерді күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп, оған 1303,0 мың теңге жұмсалды. Сондай-ақ, бұрыңғы жылдары отырғызылған көнімділігі төмен 419,5 га мәдени орман екпелеріне толықтыру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңірлік табиғи паркке қарасты орман тұқымбақтарындағы ағаш-бұта көшеттеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу қорытындысы бойынша өңірлік паркке қарасты филиалдардың тұқымбақтарында барлығы 2001,1 мың дана ағаш-бұта көшеттері бар екендігі анықталды, оның ішінде 244,41 мың данасы стандартты көшеттер. Өңірлік табиғи парк бойынша тұқымбақта көшеттерді өсірудің жоспары толық орындалды.

Сонымен қатар, филиалдарда ағымдағы жылы 850 кг қарағаш, 350 кг сары өрік тұқымдары жиналып, сараптамалары қорытындылары алынып, орман тұқымбақтарына себілді. Бүгінгі таңда жиде сиверс алмасы, боз арша және т.б. ағаштардың тұқымдарын жинау жұмыстары қарқынды жүргізіуде.