Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі туризм саласын дамыту мақсатында «OntustikTourism. Invest 2017» халықаралық және инвестициялық форумының көрмесіне қатысты

«Қазақстанның Жібек жолымен саяхат» атты фестиваль аясында осы жылдың 15-16 қарашасы аралығында Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «OntustikTourism. Invest 2017» халықаралық және инвестициялық форумы өткізілді.

Форумда түрлі сала бойынша көрме өтті. «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» өкілдері көрмеге қатысты.

Форумның мақсаты - туризмді дамыту және оны шешу үшін халықаралық ұйымдардың және туризм индустриясының мамандарының қатысуымен жыл сайынғы халықаралық форум өткізіп, Жібек жолында орналасқан бағыттармен өзара әрекеттесу жолдарын анықтау. Туристік инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту және Қазақстан мен халықаралық контексттердегі туристік ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздестіру. Оңтүстік Қазақстан облысына туристер ағымын ұлғайту және өңірдің имиджін көтеру.

Форум жұмысына Қытай Халық Республикасының туризм жөніндегі мемлекеттік басқармасы, отандық, алыс және жақын шетелдердің туризм майталмандары, мемлекеттік органдар, қазақстандық және халықаралық бизнес қауымдастық, кәсіподақ, инвсетициялық компаниялар  өкілдері қатысты.