"ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН"

15-17.11.17ж. күндері облыстық Бейнелеу өнері музейінде "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы аясында ОҚО әкімдігінің тапсырмасының негізінде, облыстық білім басқармасының қолдауымен "Экологиялық орталық" МКҚК мен «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» ұйымдастыруымен "Табиғат әлемі балалар көзімен" облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: жасөспірімдерді қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баулу, жаңа өмір ағымына сәйкес экологиялық тәрбие мен білім беру, табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу.

Байқау жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары, көркемсурет мектептері,қосымша білім беру мекемелерінің арасында өтті. 

Байқауға түскен жеңімпаздарды анықтау үшін құрылған қазылар алқасы құрамының төрағасы музей директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабек Мыңжасарұлының төрағалығымен белгілі суретшілер, өнер мектебінің ұстаздары, эколог мамандар, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк» атынан туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі меңгерушісі Джумагулова Насихат қатысып, үздік жұмыстар анықталып, жүлделі орындарды анықтады.

Көрменің екінші күнінде аудан, қала мектептерінен оқушылар, жоғарғы оқу орындарынан студенттер келіп, экспозицияны тамашалады. 

17.11.2017 ж. күні нәтиже бойынша байқаудың марапаттау рәсімі өтті. Жүлделі орындарға бағалы сыйлықтармен дипломдар табысталды.