Экологиялық дәріс

Ағымдағы жылдың 7 – 9 қараша күндері Сырдария және Түркістан филиалдарына мектеп орманшылығы мүшелеріне экологиялық дәріс оқуға мекеменің экологиялық ағарту маманы Халикова Гаухар барды.

Арыс қалалық және оған қарасты Байырқұм, Жиделі, Аққала ауылдарындағы және Отырар ауданына қарасты Аққұм, Шәуілдір, Қоғам, Көкмардан, Сарыкөл, Көксарай ауылдарындағы жалпы білім беретін мекемелерге ЕҚТА туралы, өңірлік табиғи паркте ғылым және туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, орманды өрттен қорғау шаралары, ормандарда заңсыз ағаш кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулау ережелерін сақталуын және басқа да барлық табиғат заңдылықтарын бұзу фактілерін болдырмау туралы, жыл сайын ұйымдастырлатын «Парктер шеруі-2018» табиғат қорғау акциясы туралы экологиялық дәрістер өткізіліп,аталған акция аясында ұйымдастырылатын «Табиғат тал бесігім» атты өңірлік парктің көрікті жерлеріне саяхатқа шақырылып, үн парақшалар таратылды.