Ағаш пен аң жоғалса жердегі тіршілік тоқтайды

2017 жылғы 9 желтоқсандағы «Qazaqstan» телеарнасындағы «Мәселе» бағдарламасында орман шаруашылығы және экология саласындағы ең бір өзекті проблемалар көрсетілді.

Бұл көрсетілген проблемалар әрбір табиғат қорғау мекемелерінде алатын орны өзгеше. Солардың бірі Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын аймағы. Өңірлік парктің Сырдария және Боралдай өзендерінің жағалауларында жаз айларында демалушылар өте көп келеді. Демалушыларға қанша ескертілгенімен демалыс орындарында тұрмыстық қалдықтар өте көп көлемде қалдырылады. Өңірлік парктің мемлекеттік инспекторларымен бірнеше сенбіліктер ұйымдастырылып, қаншама қоқыстардан тазартылды.Елді-мекендердегі жергілікті тұрғындармен ЕҚТА туралы пікір қалыптастырып, аң-құстарымызды сұғанақтықтан, орман ағаштарын өрттен, заңсыз ағаш кесуден сақтап, қорғау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылып келеді.

Сонымен қатар парк аумағында заңсыз ағаш кесу, аң аулау оқиғалары да тиылмауда. 2017 жылы парк парк аумағында 19 заңсыз аң аулау оқиғасы, 6 заңсыз ағаш кесу оқиғасы тіркелді. Анықталған аң аулау бойынша 5 оқиғасына 70 АЕК, 1 оқиғасына 49 АЕК, 13 оқиғаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.Аң аулау оқиғалары бойынша 1 азамат 2 жылға аң аулау құқығынан айырылып, 1 дана «ВЕПРЬ-01» 7,62х54 калибрлі ТТ-2803 аңшы мылтығы, 3 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы, 1 дана 16 калибрлі аңшы мылтығы, 1 дана «PULSAR»үлгісіндегі түнде көретін дүрбі, 2 дана аңшы пышағы, 2 дана оқшантай (потрантаж), 51 дана оқ дәрі сот шешімімен мемлекет пайдасына тәркіленді. 6 заңсыз ағаш кесу оқиғалары бойынша сот шешімімен 5,04 куб.м ағаш және 5 дана темір балта тәркіленіп, 3 азаматты 150 сағаттан, 1 азаматты 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға сот шешімі шықты.

Жылда аң аулау, заңсыз ағаш кесу оқиғаларын анықтап, оларға айыппұл салынғанымен заң бұзушылық тоқтамауда.Бұл заң бұзушылықты тоқтату үшін оларға қолданылатын шараны күшейту қажет. Салынатын айыппұл мөлшерін көбейтіп, жасаған заң бұзушылық түріне қарай бас бостандығынан айыру жазасына дейін шара қолдану қажет. Халықтың табиғатқа деген ұғымын, көзқарасын өзгерту керек. Ол үшін осы «Мәселе» бағдарламасы секілді жалғыз «Qazaqstan»телеарнасында (kaztrk.kz) ғана емес, басқа да «Хабар», «Астана», «31 арна» т.б. арналарда да бағдарламаларды жиі көрсету қажет. Сонымен қатар БАҚ-тарда да үлкен көлемде мақалалар жариялануы тиіс.

Осы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірден-бірі болып саналатын экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорғау салаларына Үкімет тарапынанқолдау көрсетілуі қажет.