Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 26 жыл!

Еліміздің тәуелсіздігінің 26 жыл толуына орай Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас мекемесінің және Боралдай, Сырдария, Түркістан филиалдарының қызметкерлерімен бас мекемеде мерекелік салтанатты жиналыс аталып өтті.

Мекеменің бас директоры Б.Мошқалов құттықтап, әнұран орындалды.

26 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген қысқаша бейнебаян көрсетілді.

Орманды пайдалану инженері С.Сапахова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 26 жыл» атты тақырыпта баяндама оқыды.

Бас директордың орынбасары Б.Баймұратов және Түркістан филиалының директоры Н.Берденовтер ОҚО агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне орай, облысымыздың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында табиғи кешендерді және биоалуантүрлілікті қорғау, күзету және дамыту жолында жемісті еңбек етіп, жеткен жетістіктері үшін филиал және бас мекеме қызметкерлерінеалғыс білдіріп, алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.

Бас мекеме қызметкерлері: И.Жарылқапов, Л.Наримбетова, Г.Халикова, Қ.Юлчиев.

Боралдай филиалының қызметкерлері: Д.Қыдыралиев, М.Тоқбанбетов, Ә.Қадіров, А.Жүзтаев, Н.Молданов, Н.Утепов, Н.Жаппаров, Ғ.Досалиев.

Сырдария филиалының қызметкерлері: Е.Мұсабеков, М.Мамыков, Ә.Момбеков, Б.Шыналиев, Ғ.Боранбай, Б.Құттымұратов, А.Медетов, Қ.Бимбетов, В.Кемер.

Түркістан филиалының қызметкерлері: А.Абдраймов, Б.Арысов, Е.Женалиев, С.Кадиров, Ж.Өсеров, С.Сұлтанмұратов, Қ.Жұмабаев, А.Паримбеков.