Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рұқсатсыз кіру заңсыз

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында туристер мен демалушыларға көрсетілетін қызметтер үшін ОҚО әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуіріндегі №94 қаулысымен тарифтердің жаңа мөлшері бекітіліп, облыстық Оңтүстік Қазақстан газетінде 2017 жылы 23 мамырда ресми жарияланып қолданысқа енгізілуінесәйкес өңірлік парктің аумағында жеке және заңды тұлғаларға 13 бағытта көрсетілетін қызметтер үшін тарифтер мөлшері қайта бекітілді.

ОҚО мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы 12/105-V шешімімен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы 0,1 АЕК мөлшерінде белгіленген. 2018 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 2405,0теңге болып бекітілген.

Осыған байланысты 1 адамға 1 тәулікке ЕҚТА жеріне кіру құны 440,5 теңгені құрайды.

Ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және жоғарғы деңгейдегі сервистік қызмет көрсету мақсатында демалыс орындары туристік инфрақұрылыммен жабдықталуда. Олар: ағаш үйлер, маусымдық тапшандар, киіз үйлер, жылжымалы жылытылған вагон үйлер, табиғи эко-моншалар және т.б. Сонымен қатар өңірлік парк аумағында атпен серуендеу, Сырдария өзені бойындағы тоғайлы алқапта квадроциклмен, Қос-Тұра тауларының бөктерінде қар көлігімен (снегоход) серуендеу ұсынылады.

Демалушылар мен туристерге қызмет көрсету мақсатында мекеменің филиалдарына 7 дана бақылау-өткізу бекеттері орнатылды.Олар: Боралдай филиалының Теректі және Қостұра айналымдарында, Сырдария филиалының Байырқұм және Тақыркөл орманшылықтарында, Түркістан филиалы Қызылшаруа, Шәуілдір орманшылықтары менҚұсшы-Атадемалыс аймағында орналастырылды.

Демалушылар мен туристербақылау-өткізу бекетінен өңірлік парк жеріне кіру үшінтөленген ақысын растайтын кіріс кассалық ордері, рұқсат қағазы және міндетті түрде фискалды түбіртегін талап ету керек.

Парк аумағында рұқсатсыз кіру және кіруге берілген рұқсат қағаздарын фискалды түбіртексіз ұсынған жағдайда жарамсыз деп танылып,ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 380-бабы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде болуы2 (екі) АЕК айыппұл салынатыны ескертіледі.

Құрметті демалушылар мен туристер айыппұл салынудың алдын алу мақсатында демалуға баратын күніңізді нақтылап алсаңыз, біздің өңірлік парктің бас мекемесіне және оған қарасты Боралдай, Сырдария, Түркістан филиалдарына келіп, кіру ақысын төлеп, рұқсат қағазы мен фискалды түбіртекті ала аласыз.

Төмендегі мекен-жайлар мен сымтетіктерге хабарласып толық мағлұмат алуға болады. Шымкент қ., Водопьянов көшесі, 5А. тел.: 8 (725)2 35-71-84.E-mail: stgrpp.kz. www.stgrpp.kz.

Боралдай филиалы:Бәйдібек ауданы, Жарықбас ауылы, Ж.Дауталиев көшесі, н/з, тел.: 8 (725-48) 7-90-09.

Сырдария филиалы: Арыс қ., С. Кенжеханов көшесі, №78. тел.: 8 (725-40) 2-20-33.

Түркістан филиалы: Түркістан қ., К. Исабеков көшесі, №8. тел.: 8 (725-33) 4-21-57.

А.Жанконсова Сырдария-Түркістан МӨТП-нің қоғаммен байланыс жасау маманы