ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы

«Сырдария – Түркістан МӨТП» КММ-нің бас мекемесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы туралы ұжым мүшелері арасындағы жиналысты мекеменің бас директоры Б.Мошқалов ашты.

Елбасының жолдауы бойынша қысқаша бейнебаян көрсетіліп, ғылыми қызметкер А.Тажиеваның баяндасымен жалғасты.

Бұл Жолдау жаңа әлем көсбасшыларының, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістіктерге жету үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екенін және ол үшін қандай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

Жолдау бойынша Жаңа әлем көсбасшыларының қатарына қосылу үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек екендігін тілге тие кетті :

1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3. «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7. Адами капитал – жаңғыру негізі.

8. Тиімді мемлекеттік басқару.

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Сондай-ақ өңірлік паркке қарасты Боралдай, Сырдария, Түркістан филиалдары мен мекеменің қызметкерлері Елбасымыздың Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістіктерге жету жолын табу жоспары саналатын Жолдауын толықтай қолдап жаңа заманға сай болу үшін жұмыла еңбек етіп, Қазақстанның жарқын болашағы жолында биік мақсаттарға қол жеткізетіндерін бірауыздан құптады.