«Қоршаған ортаны қорғау» атты дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні бас мекеменің конференц залында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті студенттерімен «Қоршаған ортаны қорғау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің құрылу тарихы, аумағы, ішкі туризмнің дамуы, Ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысы және парктің флора мен фаунасын қорғау, күзету тақырыптары талқыланды.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің құрылу тарихын экоағарту маманы А.Халикова баяндады.

Ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысы бойынша кіші ғылыми қызметкері Н.Төре баяндама оқыды.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағындағы экологиялық туризм саласы жайлы қоғаммен байланыс жасау маманы А.Жанконсова түсіндіріп өтті.

Студенттер өз ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында үздік қатысқан студенттер мекеменің эмблемасы рәсімделген төс белгілермен (значок) марапатталды.

Сондай-ақ студенттермен «Келіп-кету» орталығына және «интрадукциялық алаңға» экскурсиялық жұмыстары жүргізілді.