«Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғау үшін экологиялық дәлізі жөнінде» дөңгелек үстел өткізілді

Экологиялық дәліз «Оңтүстік Қазақстан обылысындағы Қаратау тауы жоталарында Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғаудың экологиялық дәлізі» туралы Оңтүстік Қазақстан обылысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы №149 қаулысы қабылданды. Осыған байланысты 2018 жылдың 9 ақпаны күні өңірлік табиғи парктің бас ғимаратында «Сырдария Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі«Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қорғау үшінэкологиялық дәлізі» жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелгеСырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Баймұратов Бекназар Алдашұлы,ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Б.Қырықбаев, «Қаратау» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығының директоры А.Ниязов, «Сайрам-өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры С.Қынтаев, «Бадам» орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Джумагулов, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Жарылқапов Исабек, ЕҚТА күзету және жануарлар әлемін молайту бөлімінің меңгерушісі Ахметов Айдос, туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі Жұмағұлова Насихат қатысты. Дөңгелек үстелдің отырысын «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды дөңгелек үстел жұмысына белсенділікпен қатысуға шақырды.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты:

1. Қаратау арқарының қауіпсіз миграциясын (көшіп-қоныстануын), антропогендік фактордың мазасыздығынан және теріс әсерінен барынша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған экологиялық дәліздің маңызын түсіндіру.

2. Экологиялық дәліз шегіндегі күзет аймақтарының көлемдері мен бекітілетін табиғат қорғау мекемелері жөнінде ақпарат беру.

3. Экологиялық дәлізде жүргізілетін қоршаған ортаны қорғау шаралары туралы ақпарат беру.

4. Экологиялық дәліз аумағындағы табиғат пайдаланудың тәртібі жөнінде мәлімет.

  1. Экологиялық дәлізді қоғау, күзету жұмыстарын үйлестіру.

Қаратау арқарының қауіпсіз миграциясын (көшіп-қоныстануын), антропогендік фактордың мазасыздығынан және теріс әсерінен барынша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған экологиялық дәліздің маңызын түсіндіру және экологиялық дәліз аумағындағы табиғат пайдаланудың тәртібі жөнінде баяндама жасалынды.

Экологиялық дәліз Қаратау арқарының қауіпсіз миграция яғни қоныс аударуын, антропогендік фактордың мазасыздығы және теріс әсерінен барынша қорғауды  қамтамасыз етеді. Қаратау тауының жоталарындағы экологиялық дәліздің  жалпы ауданы 287521,4 гектарды құрайды және ол Бәйдібек, Түлкібас, Түркістан, Созақ аудандарының аумақтарында орналасқан. Көрсетілген облыс әкімдігінің қаулысымен экологиялық дәлізде табиғи пайдалану тәртібі белгіленген.

Экологиялық дәліз тау жоталарында биологиялық алуан түрлілікті сақтауға үлкен үлесін қосады. Табиғи пайдаланудың тәртібі экологиялық дәлізде Қаратау арқарының уақытша тіршілік ететін орындарда, миграциялық жолдары арқылы уақытша өту кезінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Экологиялық дәлізді күзету, қорғау және оның  учаскелерімен шекаралас жатқан Ақсу-Жабағылы, Қаратау табиғи қорықтары мен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі және  Бадам, Отырар орман жануарлар әлемін қорғау сияқты табиғат қорғау мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Оларға экологиялық дәліздің тиісті учаскелері уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

Экологиялық дәлізді қорғау, күзету, үйлестіру жұмыстары және Қаратау арқарын сақтау мен молайту үшін қазіргі таңда экологиялық дәлізде атқарылатын іс-шаралар жоспарынталқылап, барлық қатысушылар тарпынан бір ауыздан мақұлданып, бекітілді.

Жиналыс соңында қатысушылар Қаратау арқарының миграциялық жолдарын қоғау үшін экологиялық дәлізді құрудың маңыздылығы және қандай жұмыстарды атқаруға болатындығы жөнінде өздерінің ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтты.