Тәжірибе алмасу іссапары

Ағымдағы жылдың ақпан айының 13-17 күндері ғылым, ақпарат және мониторинг қызметкерлері, өңірлік табиғи парктің ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі ғылым Комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны   «Ботаника және фитоинтродукция институтына» және ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тәжірибе алмасу, өңірлік парктегі жинақталған өсімдіктер гербарийлерін, омыртқасыздар түрлерін бірлесіп анықтау жұмыстары жүргізу мақсатында қызметтік іссапарда болды. Іссапар барысында Ботаника және фитоинтродукция институтының гербарий қорымен 258 мың өсімдіктер түрлері жинақталған, институт аумағында орналасқан өсімдіктер жылыжайынкөрді.

Институт мамандарымен өңірлік парк қорындағы анықталмаған гербарийлерді анықтадық. Гербариді «Флора Казахстана» кітабының тоғыз томын және микроскопты пайдаланып анықтады.

Кептірілген гербарийлерді өсімдіктің тұқымы, гүлі, күлтесі, тамыры, жапырағы арқылы анықтадық, ол үшін петри чашкесіне ыстық су құйып өсімдіктің кеуіп кеткен тұқымын, жапырағын, күлтесін, мұртшаларын, түктерін салып жібітіп микроскоп астына салып көрді. Сондай ақ микроскоппен анықтап көрген өсімдік мүшелерін «Флора Казахстана» кітабынана өсімдіктер түрлерінің сипаттамаларын оқу арқылы анықтады.

Гербарийді рәсімдеу барысында қатты А3 форматындағы кардонға тікті, өсімдіктерді уақыт өте келе паразиттер жемеу үшін дихлафозбен дизенфекцияладық, төменгі оң жақ тұсына этикетка жапсырып өсімдіктің латынша атауы, жиналған аумағын, өсімдік өсіп тұрған аумақтың сипаттамасын, жинақталған мерзімін, анықтаған адамның аты-жөнін жазып толтырды.

Гербарийдің сыртын арнайы қаптағышпен (рубашка) бекітіп,гербарийдің сыртқы қаптағышына (рубашка) Линейдің флоралық системасы бойынша нөмірленген этикетка жапсырып, өсімдіктердің әлемдік индекс кітапшасына сәйкес өсімдік атауын жазып номерледі.

Зоология институтында омыртқасыздар коллекцияларын жасау жолымен танысты. Далалық іссапар барысында жинақталған қатып қалған көбелектер, инеліктердің қанаттарын қайтадан қалпына келтіріп дұрыс жаю үшін эксикатор құралын пайдаланып жасап көрді. Институттың қорындағы жинақталған омыртқасыздар коллекциясын көрді.