Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер»

Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мен «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» ұйымдастыруымен мектеп экоклубтарының аймақтық фестивалі өтті.

«Мәңгілік ел – туған өлкем» атты фестиваль 3 сайыс бойынша өткізілді:

1) Сәлемдесу. Қатысатын топ мүшелері «Туған жер» бағдарламасын, туған өлкесінің әсем табиғаты мен, экологиялық жағдайын, аудан жетістіктерімен, мектеп экоклубтарының шығармашылық жұмысатрымен таныстырды.

2) «Экологиясыз болашақ» тақырыбында өтірік өлең оқу яғни экоклуб мүшелері адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын, болашақтың экологиялық жағдайын сипаттайтын қиялдан туындаған өлең, жырларын оқыды.

3) Үй тапсырмасы. Қатысушы командалар экологиялық үгіт-насихат және ағартушылық, қоршаған орта, табиғатпен үйлесімділікті сақтау, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, экологиялық-тәрбиелік мәні бар сахналық қойылымдарын көрсетті.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, жүлделі орынға ие болған командаларды арнайы дипломдармен марапаттады. Жеңімпаз командалар 16 наурыз күні Шымкент қаласы, Жастар ресурстық орталығында өтетін облыстық фестивальге жолдама алды.