Халықаралық ғылыми-көпшілік журналында ғылыми мақала жарық көрді

Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми-көпшілік журналының №1/2(55)2018 санды нөмерінде Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі И.Жарылқапов және кіші ғылыми қызметкер Н.Төре «Изучение фауны полужестококрылых (Heteroptera) и использование полученных материалов в учебном процессе» тақырыбында мақала шығарды.

Мақалада Арыс ауданы, Байырқұм орманшылығы, Шұрық, Сырдария өзені, Аққала ауыл аймағы, Көкжиде, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жартылай қатты қанатты отрядын зерттеу мәліметтері келтірілген. Зерттеу аймақтарында табылған түрлерге экология және биология бойынша қысқаша мәліметтер берілген. Зерттеу нәтижесі бойынша аймақтық парк территориясында жартылай қатты қанаттылардың 8 тұқымдасы мен 25 түрі анықталып, көптүрлі тұқымдастарға бөлінді.