«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.05.2018 жылы өткізілген орман, дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасы

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 05.05.2018 жылғы №27-05-06/1580 санды хатымен ағымдағы жылдың 11 мамыр күні сағат 11-00 де Жасыл аймақ коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 252 га орман қоры жерінің маңында (Ордабасы ауданы Қайнар ауылына баратын тас жолдың бойында) «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-сі орман, дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізілді.

Тактикалық оқу-жаттығу барысында ЕҚТА жерінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында минералды жолақтар жасау, радиобайланыс жүйесін пайдалану, өрт сөндіру техникалары мен құрал-саймандарын қолдану тәсілдері ұйымдастырылып, тәжірибе түрінде көрсетілді.

Тактикалық оқу-жаттығуға ОҚО әкімінің орынбасары Тасжүреков Ербол Қуанышұлы, ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы Қ.Жорабаев, ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы И.Құрамысов және басқарма басшысы орынбасары А.Алпамышов, ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисов қатысты. Ал, орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерден Бадам, Отырар, Созақ, Шардара, Жасыл желек, Жасыл аймақ мекемелері өкілдері, жалпы алғанда 110 адам қатысты. Сонымен қатар, облыстық «Отырар ТВ» телеарнасының тілшілері қатысты. Сондай-ақ, жоғарыда аталған мекемелерден6 дана өрт сөндіру автокөлігі, 6 дана МТЗ-82 тракторы соқасымен, 6 дана УПМ-3 әмбебап тіркемесі, 16 дана өртке қарсы патрульдік автокөліктері қызмет атқарды.

Семинар қорытындысы бойынша белгіленген бағдарламалар толық жүзеге асырылып, өз деңгейінде өтті.