Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Боралдай тауының эндемик өсімдіктерінің тізімі жарияланды

2018 жылдың 12-13 сәуірі күндері аралығында Мирас университетінің ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне ену жолында ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында б.ғ.к. Г.Б.Сақауованың және «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» бас директоры Б.М.Мошқаловтың «Краткий обзор эндемичных растений Боралдайских гор» атты мақала жарыққа шықты. Мақалада Боралдай тауының эндемикалық өсімдіктерінің тізімі мен қысқаша сипаттама берілген.

Сондай-ақ конференцияға белсенді түрде қатысқаны үшін өңірлік табиғи парктің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлына Мирас университетінің проректоры И.Ю.Ханның атынан сертификат берілді.