Ғылыми жұмыстарының даму бағыттары және 2019-2023 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні өңірлік табиғи парктің бас ғимаратында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің «Ғылыми жұмыстарының даму бағыттары және 2019-2023 жылдарға арналған жаңа бағдарламасымен» таныстыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің «Ғылыми жұмыстарының даму бағыттары және 2019-2023 жылдарға арналған жаңа бағдарламасымен» таныстыру және талқылау.

Дөңгелек үстелге Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры, Баймұратов Бекназар Алдашұлы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Куприянов Андрей Николаевич, б.ғ.д. профессор, Кузбасс ботаникалық бағы, бөлім меңгерушісі, Эбель Александр Леонович, б.ғ.д. профессор, Томск мемлекеттік университеті, ботаника кафедрасы, Лащинский Николай Николаевич б.ғ.д , профессор, Орталық Сібір ботаникалық бағы, аға ғылыми қызметкер, «Экотон» табиғат қорғау зерттеу зертханасы, зертхана меңгерушісі, б.ғ.к. Шовкун Д.Ф., Сулейменова Мольдир Турсынбековна -б.ғ.к, ассоцированный профессор, Мирас университетінің химия және биология кафедрасының меңгерушісі, Сапарбеков Абдурахман б.ғ.к, Мирас университетінің оқытушысы, Қуанышова Сапаркуль Ешенкуловна Мирас университетінің аға оқытушысы., Абдулова Айсулу Алшынбековна, т.ғ.к, экология кафедрасының доценті, М.Ауезов атындағы ОҚМУ., Алимбеков Саян Сейтбекович а.ш.ғ.д, профессор, М.Ауезов атындағы ОҚМУ, Исаев Ержан Болысбекұлы б.ғ.к, биология кафедрасының меңгерушісі, доцент, М.Ауезов атындағы ОҚМУ, Қынтаев Сахит Жақсымбетұлы, Сайрам-Өгем МҰТП-нің бас директорының орынбасары Нуриддин Ештаев,Жеңісбекұлы Ғалымжан Cайрам-Өгем МҰТП-нің, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Cайрам-Өгем МҰТП-нің, ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері,Жарылқапов Исабек, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі және бөлім қызметкерлері қатысты.

Өңірлік табиғи парктіңғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Жарылқапов ИсабекСырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің «2013-2017 жылдардағы ғылыми жұмыстарының даму бағыттары» туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің отырысын Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды дөңгелек үстел жұмысына белсенділікпен қатысуға шақырды.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы өөірлік табиғи парктің 2019-2023 жылдарға арналған жаңа бағдарламасымен таныстырып өтті.

Кузбас ботаникалық бағының бөлім меңгерушісі, б.ғ.д, профессор Куприянов А.Н. Өңірлік табиғи парктің аумағында 2014-2017 жылдары жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Боралдай филиалының флорасы 90 %-ға зерттелді деп есептеймін. Бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай дамыту қажет. Сонымен қатар Сырдария, Түркістан филиалдарының да флорасына зерттеулер жүргізу қажет. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде экологиялық зерттеулерге, атап айтқанда ауа-райының температуралық режиміне, климаттық өзгерістерге көңіл бөлу қажет. Жүйелі температуралық мониторинг жүргізу жұмыстарын атқару қажеттігін айтты.

Орталық Сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері б.ғ.д, профессор Лащинский Н.Н. Боралдай филиалының аумағына жүргізілген зерттеулерн нәтижесінде өсімдіктердің 20-ға жуық жаңа түрі табылды. Бұл деген өте көп. Экологиялық зерттеулерді тек қана температуралық қорға ғана емес, сонымен қатар қар жабындысына да жүргізген дұрыс болады деп есептеймін. Жас мамандарға қазіргі кезде көп жерлерде қолданылатын заманауый әдіс-космостан түсірілген суреттермен жұмыс жасау әдісін үйрету қажет, бұл жағдайда су тасқынына, өзендердегі судың жоғары деңгейлілігіне, өсімдіктердің қурау кезеңдеріне мониторинг жасауға өте қолайлы болар еді.

Боралдай таулары аса биік болмағанымен, Памир, Тибет таулары секілді биіктік белдеулері бар, кем дегенде 3 түрлі биіктік белдеулері пайда болады. Төменгі белдеу т.д.б. 1200 м.,ал ең жоғарғысы т.д.б. 1600 м. шамасындағы биіктікте. Бұл жерлердің флорасы өте ерекше. Боралдай таулары мен ондағы өсімдіктерге экологиялық зерттеулер жүргізудің маңызы өте зор болады. Боралдайдың флорасы қазіргі таңда жақсы зерттелді, енді өсімдіктердің құрамы зерттелуі тиіс, бұл сала көп уақытты талап етеді және көп күш жұмсалады, сондықтан өңірлік паркке білікті геоботаник мамандарын тартқан өте қызықты бағыт болар еді. Әрине, өңірлік парктің флорасын зерттеу жұмыстарын, оның ішінде Сырдария, Түркістан филиалдарының флорасына зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін айтты.

Томск мемлекеттік ұлттық университетінің ғылыми қызметкері, б.ғ.д, профессор Эбель А.Л. Өсімдіктердің сирек кездесетін, Қызыл Кітапқа енгізілген түрлерінің экологиялық, биологиялық ерекшеліктерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізу, олардың пайдалы қасиеттерін зерттеу қажет. Өсімдіктердің ерекше түрлеріне мониторингтік бақылаулар жүргізу нәтижесінде олардың өсіп-өнуіне кедергі келтіретін жағдайларды, қорғау шараларын анықтауға болады. Сырдария, Түркістан филиалдарының, жалпы өңірлік парктің флорасын зерттеу жұмыстарын жалғастыруды қолдаймын деді.

Самара қаласы, «Экотон» табиғат қорғау зерттеу зертханасының меңгерушісі Шовкун Дмитрий Федорович Өңірлік парктің аумағында омыртқасыздарды зерттеу барысында олардың бірнеше жаңа түрлері тіркелді. Оның ішінде Қазақстанда бұрын тіркелмеген түрлері, Қаратау жотасы үшін, Оңтүстік Қазақстан облысы үшін, жалпы ғылымға алғаш тіркелген түрлері бар. 2017 жылы жинақталған коллекциялардың ішінде Европа ғалымдарымен бірлесіп әлі де анқтау жүргізіліп жатқан түрлері бар. Экологиялық зерттеулер жүргізу, атап айтқанда температуралық, климаттық зерттеулер омыртқасыздардың мекендеу орындарын, олардың өмір сүру кезеңдерін, жылдың қай мезгілінде көбейетіндігін зерттеуге өте пайдалы болады. Омыртқасыз жануарларды зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет деп есептейтіндігін айтты.

Мирас университетінің аға оқытушысы Қуанышова Сапаркүл Ешенқұловна Қазақстанның флорасының заманауый номенклатурасы туралы кітабында өсімдіктердің атауы үш тілде көрсетілген, осы жобаны бұл жерде де енгізу қажет деген ұсыныс айтты.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Б.М. Мошқалов дөңгелек үстелдің жұмысын қорытып, бұл жұмыстың үшінші рет ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. Өңірлік парктің флорасы мен фаунасын зерттеуге үлес қосқан Ресей мен Қазақстанның ғалымдарына ризашылығын білдіріп, зерттеуге көп үлес қосқан Ресей ғалымдары биология ғылымдарының докторы, профессор Куприянов Андрей Николаевичке, биология ғылымдарының докторы, профессор Эбель Александр Леоновичке, биология ғылымдарының докторы, профессор Лащинский Николай Николаевичке, биология ғылымдарының кандидаты Шовкун Дмитрий Федоровичке алғыс хаттар тапсырып, рахметін айтты.

Өңірлік парк төртінші жыл ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, алдағы кезде айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстардың жалғаса беретініне тоқталды.