Балалардың қоршаған ортаға қосатын үлесі

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекесіне орай Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі №5 Молда Мұса атындағы жалпы орта мектеп оқушыларымен «Балалардың қоршаған ортаға қосатын үлесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мекеменің қызметкерлері өңірлік парк туралы түсінік беріп және бейне фильмдер көрсетілді. Балалар табиғатқа қандай қамқорлық жасау жайында өз ойларын айтты. Мектеп оқушылары өңірлік парктің келіп-кету орталығымен танысып, мекеменің эмблемасы бейнеленген төс белгілерді естелікке алды.