5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Облыстық білім басқармасының "Экологиялық орталық" МКҚК ұйымдастыруымен 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай "Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған " атты облыстық сайысының сараптау кезеңі 30 мамыр күні "Экологиялық орталық" базасында өтсе, 5 маусым күні Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында марапттау рәсімі өтті.

Іс - шараны өткізуге Облыстық білім басқармасы, ОҚО бойынша экология департаменті, ОҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Сырдария - Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі","Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі", "Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы", " Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябақтары атсалысып, өз үлестерін қосты.