"Жер-Ана"атты облыстық туристік жорық

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын іс-шалар жоспарына сәйкес «Жер Ана» облыстық туристік жорық ағымдағы жылдың 22 маусым күні Бәйдібек ауданы, Теректі ауылы, Тұттыбұлақ аумағында өтті.

Туристік жорық - туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатындасаяхат жасау.

Акцияның басты мақсаты жас ұрпақтың, қоғамның назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне аудару, оларға нақты қызмет көрсету, отандастардың патриоттық сезімін ояту, ежелден қалған тарихи ескерткіштерді сақтап қалу.

Аталған туристік жорық Шымкент қаласы "Мирас" университетінің 1 курс студенттері, ОҚО "Экологиялық орталықтың" білім алушылары, Бәйдібек ауданының "Ақтау" жалпы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті.

Жорықтың атауы

Шымкент-Петроглиф-Тұттыбұлақ үнгірі-Дендрологиялық саябақ

Туристік жорық барысында қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен және маршрутпен танысты.

Бірінші аялдама - Петроглифтер.

Қатысушылар туристтік жорық барысында ежелден қалған тарихи ескеркіштермен танысты.

Екінші аялдама - Тұттыбұлақ үнгірі.

Қатысушылар туристтік жорық барысында бірнеше ғасырлар бұрынғы мекен еткен адамдардың жайын, тұрмыстық қалдықтарымен танысты.

"Жер Ана" облыстық туристік жорықтың соңы "Парктер шеруі - 2018" табиғат қорғау акциясының жабылуымен жалғасты.

Табиғат қорғау акциясы спорттық түрде "Эстафета" ұйымдастырылумен өтті.

"Эстафета" жарысына 3 команда қатысты. Ол: "Ұлан", "Қыран", "Жас экологтар" командалары.

Жарыста 1-ші орын иегері: "Жас экологтар командасы" болды,

2-ші орын: "Ұлан" командасында

3-ші орын: "Қыран" командасында

Барлық командаларды және Экологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Керимбеков Мұхтар Капановичті Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркінің бас директоры м.у.а. Б.Баймұратов арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Аталған іс-шараға жалпы 60 адам қатысты, қонақ ретінде Облыстық экологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Керимбеков Мұхтар Капанович, бұхаралық ақпарат құралынан "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Игорь Лунин,