«Сырдың көркі тораңғы» тұрғындармен кездесу шаралары

28 сәуір күні Сырдария филиалының Арыс, Шәуілдір орманшылықтарына іргелес жатқан елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік инспекторлар түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Арнайы дизайнмен жасалған А3 форматтағы жапсырма насихат парақтары Аққұм, Аққала, Онтам, Шөгірлі, Қожатоғай, Байтоғай ауылдары мен Арыс қаласының тұрғындары шоғырланатын жерлер мен дүкендер, автобекеттер, базарлар, орталық көшелер бойында 300 дана жапсырылды.

29 сәуір күні Байырқұм, Шардара орманшылықтарының аумағы маңындағы елді мекендерге де насихат парақшалары көпшілік орындарға жапсырылып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл екі орманшылықта Байырқұм, Достық, Сүткент, Қызылқұм, Ақалтын, Қазақстан, Ұзын ата, Шардара, Жаушықұм, Қалғансыр елді мекендерінде жұмыстар жалғасын тауып 720 насихат парақтары жапсырылды.

07.07.22-8