«Қазақстан-қызғалдақтар Отаны» үгіт-насихаттар жүргізу

07.07.22-9

26 сәуір күні Бәйдібек ауданы Ақмешіт үңгіріне келген демалушылармен үгіт-насихат жүргізіліп, 120 үнпарақ таратылып, 150-дей азаматпен насихат жұмыстары жүргізілді.

27 сәуір күні Бәйдібек ауданы аумағында Шаян-Бірлік-Кеңестөбе-Ақбастау-Боралдай елді мекендеріне баратын жол бойында аудандық ішкі істер бөлімі және табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері, Боралдай филиалының мемлекеттік инспекторлары қатысуымен ауқымды етіп өтті. Бұл күні 450-ден астам тұрғындар мен демалушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылып, жоғарыда аталған елді мекендердің халық шоғырланатын нүктелерінде насихат парақтары (А3 форматта) жапсырылды. Ақмешіт үңгіріне зиярат етіп Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген қонақтар табиғат қорғау шараларын қолдап, тілектерін білдіріп өтті.

07.07.22-9

07.07.22-9

07.07.22-9

07.07.22-9

07.07.22-9

07.07.22-9