"Табиғат тіршілік аясы" атты табиғат қорғау акциясы

Новости сайта 2 122013 жылдың 8 қазан күні мекеменің Боралдай филиалында, Теректі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан 67 орам №9 айналымда, Байқалмақ қойнауында «Табиғат- тіршілік аясы» атты табиғатты қорғау акциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту, « Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының» құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстарының нәтижесін көрсету болды. Іс-шара барысында, акцияның тақырыбына сәйкес қол өнер бұйымдарынан, Боралдай филиалының алқабында сирек кездесетін ағаш түрлерін көбейту, жерсіндіру мақсатында жиналған ұрықтары мен мекеменің кітапхана қорындағы кітаптардан, Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен көшпелі көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтарға Қостұрадан естелік ретінде фото сурет (10 дана), (200 дана) мекеме туралы қысқаша түсіндірме парақтары, мекеме атауы мен акцияның эмблемасы рәсімделген кепка және значоктар таратылып, тіркеу журналына тіркелді.

Акцияға қатысушылар Теректі ауылынан 2 шақырым жерде жиналып, акция Үлкен тұра тауының етегіндегі Қола дәуіріндегі петреоглифтерді тамашалаудан басталды.
Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында, ішкі және халықаралық туризмді дамыту мақсатында, мекеменің Боралдай филиалына жоспарланған 5 соқпақтың алғашқы , Байқалмақ ( кіші Оқ жетпес) пен Тұра тауының етегінде, Тұттыбұлақ қойнауы-Ырысымбет үңгірі-Қасқабастау-Мойнақ өткелі-Боралдай шатқалы экосоқпағының ашылу салтанаты болды. Абаттандыру мақсатында демалу алаңшасында 2 қолдан жасалған скамейка, 11 түп Сәндік талдардан табиғи эко кабина және соқпақтың паспорты 2х1 өлшемде пано орнатылып ашу салтанаты өтті.
Одан әрі қонақтар қырық бұлақтың жанына аялдап, «Бұлақтың көзін ашу» игілік ісі атқарылды. Бұлақ басына 1 дана скамейка орнатылып, «Асқар бұлақ» аты берілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Отаршиев тілшілерге бұлақтың атына байланысты интервью берді.
Одан әрі 2013 жылдың 26 шілдесінде орнатылған фенологиялық алаңының қазығын қағу рәсіміне алып келді. Ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері Е. Төлеміс алаңның қысқаша сипаттамасын жасап, ондағы қызыл кітапқа енген, эндемик және сирек кездесетін өсімдіктердің түрлері туралы ақпараттар берді.
Кейін келе акцияның негізгі өтетін жері қызметтік үйге келді. Бәйдібек ауданындағы Н.Арапов атындағы жалпы орта мектебі мен Теректі жалпы орта мектебінің оқушылары концерттік бағдарлама көрсетті.
Қызметтік үйдің айналасын абаттандыру мақсатында түрлі ағаштар және демалушыларға арналған, сәндік талдардан табиғи экокабиналар егілді.
Арнайы шақырылған қонақ Қаратау мемлекеттік қорығының аға ғылыми қызметкері б.ғ.к Г.Б. Сақауова «ЕҚТА туралы Заңдағы өңірлік парктердің міндеттері мен мақсаттары және мемлекеттік инспекторлардың міндеттері мен құқықтары» туралы семинар өтті.
Мектеп оқушылары «Табиғат суретшісі» атты сурет салу конкурсына қатысып, алғыс хаттар және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Акция соңында Қонақтарға атта серундеу ұсынылып, табиғи экомонша көрсетілді.

 

 

Новости сайта 2 1Новости сайта 2 2

Новости сайта 2 3Новости сайта 2 4

Новости сайта 2 5Новости сайта 2 6

Новости сайта 2 7Новости сайта 2 8

Новости сайта 2 9Новости сайта 2 10

Новости сайта 2 11Новости сайта 2 13

Новости сайта 2 14Новости сайта 2 15

Новости сайта 2 16Новости сайта 2 17

Новости сайта 2 18Новости сайта 2 19

Новости сайта 2 20Новости сайта 2 21

Новости сайта 2 22Новости сайта 2 23

Новости сайта 2 24Новости сайта 2 25

Новости сайта 2 27Новости сайта 2 28

Новости сайта 2 29Новости сайта 2 30