«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы

2014-01-30-1«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін,  құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу»  айлығын жариялады.
2014 жылдың ақпан айының 1 – 28 күндері аралығында жүргізілетін сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу  айлығын өткізу туралы іс – шара жоспары бекітілді.
Іс – шараның басты мақсаты – өңірлік табиғи парк ҚР Қызыл кітабына енген және бағалы Бұхар бұғысын,  Қаратау архарын, үнді жайрасын, тас сусарын, шұбар күзенді, бүркітті, және тағы да басқа аң – құстарды қорғау жұмыстарын жүргізу, ЕҚТА жерінде және аңшылық апқаптарда аң – құстарды аулауға жол бермеу, орман және аң аулау ережелерінің заң бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау жұмыстарын жүргізу. 
«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығының тиімділігі мен күтілетін нәтижелері:

  • жүргізілген рейдтердің нәтижесінде дер кезінде сұғанақтарды анықтап, қолданыстағы заңға сәкес әкімшілік, материалдық жауапкершіліктерге тарту шаралары қолданылады. Алдағы кезде бұл сұғанақтық фактілерін азайтуға өз әсерін тигізеді;
  • жүргізілген биотехникалық шаралар жабайы аңдардың қыс кезінде мекендеу жағдайларын жақсартуға, санының артуына ықпалын тигізеді (жиналған шөптер, шөп тастайтын орындарын дайындау, жем мен бақша өнімдерін жинау). Тұздарды алып, тұз салатын орындарды дайындау жабайы жануарлардың ағзасының, оған қажеттілігін қанағаттандырып, өсіп-дамуына оң ықпал тигізеді;
  • Түркістан филиалындағы тұқымбақтағы бұхар бұғыларын бекітілген рацион бойынша азықтандыру, ветеринарлық шаралар сияқты күтіп-баптау жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізудің нәтижесінде, олардың саны 65 басқа жеткізіліп, оның Сырдария өзені бойындағы тоғай алқаптарында қайта келтіру шаралары ары қарай жүргізілуде;
  • аншлагтар орнатылып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тұрғындар арасында табиғатқа көзқарасты өзгертіп, жабайы жануарлардың қорғалуына, сұғанақтықтың азаюына оң ықпалын тигізеді;
  • бірыңғай мемлекеттік әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жабайы жануарлардың санағын жүргізу, олардың шамамен өңірлік саябақ аумағында сандарын анықтап, спорттық әуесқойлық мақсатта жануарлардың кейбір аңшылық түрлеріне аң аулаудың негізделген лимитін анықтауға мүмкіндік береді;

осы іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда қоғамдық қатынастар реттеледі және қазіргі, келешек ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, адамның экологиялық, эстетикалық және өзге де қажеттерін қанағаттандырады.