Өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңі

Өрт қауіпті маусым алдында орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік саябағы» КММ-і, ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы және ОҚО Төтенше жағдайлар департаментімен 2014 жылға арналған өзара бірлескен іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Осы шараның аясында:

  • филиалдардың өрт қауіпті маусым алдындағы дайындығына тексеру жүргізу, кемшіліктерге талдау жасау;
  • орман өртінің алдын алу мақсатында бір айлық өртке қарсы дайындық айлығы іс-шарасын өткізу;
  • орман өрттерінің алдын алу, бірлесіп сөндіру, мерзімінде құзырлы органдарға хабарлау, кінәлілерді анықтау;
  • дала, орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын барлық қызметтердің өзара іс-әрекет жоспарын жасау;
  • орман өрттеріне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
  • орман өрті мен зиянкестеріне қарсы атқарылатын іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалына бақылау жасау;
  • филиалдарды орман қоры жерлерінде өрттің алдын алу мақсатында демалушылар мен орман пайдаланушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулар беру және т.б. жұмыстар атқару көзделуде.

      
Орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу барысында 2014 жылдың 1 ақпаны мен 15 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 15 қараша аралығы өрт қауіпі бар маусым болып, 03.02.2014 жылғы №15-н санды бас мекеменің бұйрығы бекітілді. Осыған орай филиалдарда өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу мақсатында іс-шаралар жүргізілуде.

 

Өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңі барысында төмендегі бірқатар жұмыстар атқарылды.

Индикативтік жоспарға сай өртке қарсы минералды жолақтарды жаңадан жасау және күтіп-баптау, өртке қарсы жолдарды жөндеу, өрт қарауылдау мұнараларын орнату, күзет бекеттерін орнату және аншлаг-паннолар орнату жұмыстарының карта-сызбалары Боралдай және Түркістан филиалдарында жасалды.

  • шөптесін өсімдіктерді бақылау өртеу жұмыстарының құжаттары мен карта-сызбалары Түркістан филиалында жинақталды;
  • Түркістан филиалында мемлекеттік орман қоры жерлерімен шектескен Түркістан қаласы мен Отырар ауданының 25 шаруа қожалықтарымен келісім шарттар жасалынды;
  • Сырдария филиалында «Ерікті өрт сөндіру командасын құру туралы» бұйрығы шығарылып, сол бойынша жұмыстар жүргізілуде;
  • Түркістан филиалында Түркістан қаласы мен Отырар ауданы әкімдігінен орман өртіне қарсы күрес жүргізу шараларына арнап төтенше жағдайлар қорынан қаржы бөлуге сұраныс хаттар жолданды;
  • жергілікті атқарушы органдар, ауыл, қала әкімшіліктері және аудандық, қалалық төтенше жағдайлар мекемелерімен орман өртіне қарсы бірлескен іс-шаралар Боралдай, Түркістан және Сырдария филиалдарында жасалды;
  • дала, орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын барлық қызметтердің өзара іс-әрекет жоспары үш филиалда жасалды;
  • өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары мен аншлаг-паннолардың үлгілері жасалды;
  • Өрттің алдын алу жөнінде республикалық, облыстық және жергілікті газеттерге мақалар берілді.

 

2014-01-31-12014-01-31-2

2014-01-31-32014-01-31-4

2014-01-31-52014-01-31-6

2014-01-31-72014-01-31-8

2014-01-31-9