Табиғатты сүю – сәбилік кезден басталады.

2014-02-17-1Дана халқымыз тәрбиені жас жеткіншек кезден бастау керектігін айтқан. Көк жас шыбықты қалай исең солай өседі. Сондықтан, өңірлік табиғи парк Туризм рекреация және экоағарту бөлімінің қызметкерлері табиғатты сүйе білуді үйретуді бала бақшадан бастағанды жөн көрді. 2014 жылдың ақпан айының 17 күні Шымкент қаласындағы № 118 «Әсел» бөбекжай балабақшасында мектепалды даярлық және ерексек топтардың балаларының қатысуымен «Табиғатты аяла» атты тақырыппен танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат үлкен көлемді экранмен Табиғатты қорғау туралы танымдық тәрбиелік мәні бар бейнефильммен басталды. Бейнефильмде балаларға өңірлік табиғи парк аумағындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер, аң – құстар, жануарлар таныстырылып, олардың қандай пайдасы бар екені айтыла кетті. Сондай – ақ парк аумағындағы табиғаттың әсем де көрікті жерлері көрсетілді. Орманды өрттен қорғау туралы кеңінен жас сәбилерге түсінікті тілде түсіндірілді. Сол арада «Орман ән салсын десек» мультипликациялық фильмі көрсетілді.
Барлық балалар қызығып, зейін қойып қарады. Балалардың жақсы әсер алғандары байқалды. Себебі қойылған сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды. Орман ағаштарын бізге таза ауа береді және сол ағаштарды көбейту керек деп шештік. Соңында балаларға қолдан жасалған қызғалдақтар және де Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың суреттерінен құралған боямақ таратылып, мәз мейрам болып қоштастық. Біздің өткізген сабағымыз, әңгімеміз балаларға үлкен әсер қалдырды. Алдағы кезде басқа бала-бақшаларға барып, табиғатты қорғау жөніндегі тәрбиелік мәні бар сабақтар мен әңгімелерді өткізетін боламыз.

 

2014-02-17-2

2014-02-17-3