Бірлескен іс – шаралар өңірлік табиғи паркта

2014-02-19-1Өңірлік табиғи парк Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірлесе жұмыс жасауда. 2014 жылдың 19 қазан күні Туризм, рекреация және экоғарту бөлімінің қызметкерлері  Экологиялық орталықтың оқушыларының қатысуымен семинар тренинг өткізді. Семинар «Парктар неге керек?» тақырыбымен басталды. «Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет. Сол мақсатта осы парк қызметкерлері жұмыс атқаруда. Парктарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау , табиғатты қорғап, аялау керектігі айтылды.   Сондай – ақ  саябақ аумағындағы табиғаттың әсем де көрікті жерлері үлкен көлемді экранмен көрсетілді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлардың біздің саябақ аумағындағы түрлерімен танысты.  Түркістан филиалындағы жануарлар әлеміне ерекше сипат әсем түр келбет беретін «Сыр сұлуы Кермаралды» бұхар бұғыларының  бейнефильмі көрсетілді. Соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, біздің саябақ аумағына саяхатқа барғысы келетінін айтты.

 

2014-02-19-2