«Парктер шеруі - 2014»

image001Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бойынша №3 ғылыми-техникалық кеңесі өтті. Күн тәртібіндегі 1 мәселе – «Парктер шеруі-2014» табиғат қорғау акциясының өткізілуі талқыланды.
«Парктер шеруі – 2014» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспары және іс-шаралары туралы өңірлік паркінің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Н. баяндама жасады. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2008 жылғы «17» наурыздағы № 73 бұйрығына сәйкес «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын жыл сайын 23 наурыздан бастап 22 мамырға дейінгі делінген, осыған орай ағымдағы жылдың 22-наурыз күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесе отырып, «Парктер шеруі -2014» табиғат қорғау акциясы өтуі жоспарланды.

 

 

image002

 

Бүкіл еліміз бойынша барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және қолдау мәселесіне орай, жерлестеріміздің табиғатқа деген, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында жыл сайын табиғат қорғау тақырыбында «Парк шеруі» іс-шарасы өткізіліп отырады.

 

image003

 

Бұл шеру Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде де жалғасын тапты. «Парк шеруі-2014» ашылу салтанаты Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп киелі Түркістан қаласында өтті.

 

image004

image005

 

22 – Наурыз Ұлыстың Ұлы күні Әз – Наурыз мерекесі қарсаңында Есімхан алаңында өткізілген парк шеруі барысында, Түркістан қаласының әкімі Бақытжан Айдарханұлы Әшірбеков мырза Парктер шеруінің ашылу салтанатымен құттықтады.

 

image006

 

Шерудің басты мақсаттарының бірі ағаш егу рәсімімен басталды.

 

image007

 

Киіз үй тігіліп екі жанында бірлескен екі мекеменің атаулары көрсетілді. Шымкент қаласының №99 мектеп гимназиясының қол өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

 

image008

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті ұстанған саясаты аясында «Бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» деген ұранмен бұл шараның жас өспірімдерге берер тәрбиесі мол.

 

image009

 

Екі мекеме басшылары келген қонақтарды Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап Парктер шеруі-2014 табиғат қорғау акциясын ашық деп жариялады.

 

image010

 

Келген қонақтарға мекеме туралы мәліметтерден 400 (төрт жүз) дана буклеттер таратылды.

 

image011

 

Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы туралы сұхбат берілді.

 

image012

image013

 

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» және Қаратау мемлекеттік қорығында мекендейтін жан-жануарлар,өсімдіктерден құралған сұрақтардан тегін лотореялар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

 

image014

image015

 

Барлық келген қонақтармен отырғызылған боз аршалар Есімхан алаңына ерекше сән беріп тұрды.

 

image016

image017

 

Киіз үй ішіне ас мәзірі дайындалып, қонақтар шақырылды.

 

image018

image019

 

Акция соңында қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже таратылып, түскі ас ұсынылды.

 

image020

 

2013 жылдың Жаңа жыл қарсаңында мекеменің Бас директоры Бейбіт Мырзабайұлының басқаруымен, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде тәрбиеленетін балапандарға сыйлық ұсынылып, көктем айларында балалар үйінің ауласын боз аршамен безендіруге уәде еткен болатын,

 

image021

 

Бүгінгі таңда мекеме өз уәдесін орындап парк шеруінің жалғасы ретінде ағымдағы жылдың 27 наурызында балаларды қуантты.

 

image022

image023

 

Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябақ қызметкерлері алдағы уақытта да балалар үйін қуанта бермек!

 

Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Халықаралық құстар күні мерекесіне орай Шымкент қалалық Зоологиялық саябағында ОҚО Білім басқармасының Экологиялық орталығымен және Шымкент қалалық Зоологиялық саябақпен бірлесіп «Құстар біздің досымыз» атты іс-шара өтті.

 

image024

 

Іс – шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыра отырып, құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

 

image025

 

Аталған іс-шараға Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам аудандары және Арыс, Шымкент қалалық мектептері қатысты.
Қазылар алқасы мүшелерінің құрамында өңірлік табиғи саябақтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Төлеміс Елібек Хұдиярұлы, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының ғылым бөлім меңгерушісі, Байжумашева Гулнара, Сайрам-Өгем мемлекттік ұлттық табиғи паркінің ғылым жөніндегі орынбасары Шымырбеков Марат Лесбекұлы болды.
Іс – шара 2014 жыл «Ақбас үйрек» жылы деп танылуына байланысты оқушыларға Қазақстанда мекен ететін ақбас үйрек туралы лекция оқумен басталды.

 

image026

 

Қатысушы оқушылар жыл құсы туралы мәлімет алған соң, «Жұмбақтарды шешеміз» сайысы басталды. Оқушыларға құстар туралы жұмбақтар жасырылды.
Екінші сайыс «Білгенге маржан» деп аталатын берілген ұяшықтардағы мақал – мәтелдердің жасғасын табу сайысы болды.
Үшінші сайыс «Кім жылдам?» атты сайысында қатысушы топтарға 2 сұрақтардан қойылды.
Төртіншісі «Бұл қай құс?» деп аталатын сайыста командалар берілген қиындылардан құс бейнесін құрап, құстың атын атап, құс туралы түсінік беру.
Қатысушы қалалық және аудандық мектептерден команда құрылып, оқушыларға құстар туралы сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды және мақал-мәтелдер жалғасын табу сайыстары өткізілді.

 

image027

 

Барлық қатысушы командалар қойылған сұрақтарға, жасырылған сұрақтар мен мақал-мәтелдерге белсене жауап беріп, өздерінің білімін сынға салды.

 

image028

image029

 

Іс-шара соңында қазылар алқасы оқушыларды жүлделі орындармен, дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

 

image030

 

Ағымдағы жылдың 19-сәуір күні «Ұлттық ағаш егу күніне» орай Парк шеруі бағдарламасына сәйкес 9 мекеменің басын қосуымен Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, «Ауыл» демалыс аймағында «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекесі өтті.

 

image031

 

Ұлттық ағаш егу күні болғандықтан, ағаш егу рәсімімен салтанатты шеру басталды.

 

image032

image033

image034

 

Ордабасы ауданы, әйгілі Арыс өзенінің жағасында облысымыздың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастаған

 

image035

 

өлкеміздің барша табиғат қорғау саласынының мамандарын, барша табиғат жанашырларын жинап Наурыз мерекесін өткізді.

 

image036

 

Әділқазы мүшелері сайланып, оларға арнайы орындар дайындалды.

 

image037

 

Ұлттық тағамдар сайысы, конкурс шарты бойынша қатысушы командалар қазақтың ұлттық тағамдарын дайындаған болатын. Әр команда дайындаған тағамдарымен қазылар алқасы танысып, дәмнен ауыз тиді.

 

image038

image039

 

Бұл іс-шара қызыққа толы сайыстар мен ерекшеліктерге толы болды. Атап айтатын болсақ «Орманшылар шеруі» немесе «Саябақтар шеруі» тақырыбындағы шеруде арқан тарту, футбол, волейбол, гирь көтеру сайыстары өтті.

 

image040

image041

image042

image043

 

Конкурстың бірінші бөлімі Қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсету бойынша

 

image044

image045

 

Конкурстың екінші бөлімі Патриоттық өлеңдер бойынша

 

image046

image047

 

Өңірлік саябақ ұжымының бірлігі мен ынтымағы арқасында бас жүлдені иеленді.

 

image048

image049

 

Келген қонақтар киіз үй ішіне ас мәзіріне шақырылды.

 

image050

 

Қызғалдақтар күні!

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының Боралдай филиалында «Қызғалдақтар күні» өткізілді. Үлкен Тұра тауының етегі, Боралдай өзені бойында ОҚО Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірлесе отырып, Қызғалдақтар күні өтті.

 

image051

 

Экологиялық орталыққа қарасты мектеп оқушылары қатысты. № 36 Қазыбек би атындағы 7 Б сынып оқушылары, № 40 Алпамыс батыр атындағы көп салалы гимназия мектебінің 7 Д және 7Ә сынып оқушылары,

 

image052

 

№23 Зоя Косметиденская атындағы 5Е сынып оқушылары, №33 Кеңесары Қасымұлы атындағы 5Ә сынып оқушыларының қатысуымен үлкен көлемде өткізілді.

 

image053

 

Оқушылар ОҚО «Денсаулық Сақтау» басқармасының терапевт қызметкері Сарсенбаева Қарлығаш Серікбайқызы және медбике Хусанова Диляраның бақылауында болды.

 

image054

image055

 

Және де ОҚО ІІД ӘПБ-на қарасты ЖППБ старшинасы –Досмұратов Бахыт Оңласұлы, аға сержант – Райханов Ербол Қадірұлының алып жүруімен оқушылар қауіпсіз жағдайда болды.

 

image056

image057

 

Мемлекеттік инспектор-Қошанәлі Жолдасов оқушыларға қызғалдақтың шығу тарихын , жалпы қызғалдақ туралы толықтай түсіндіріп өтті.

 

image058

image059

 

Оқушылар арасында қызғалдақ туралы реферат, шығарма, аңыз немесе өлең сайыстары, сурет, жабайы қызғалдақтың үйреншікті табиғи ортадағы фотосуреті, әртүрлі материалдан жасалған заттар сайыстары өтті.

 

image060

image061

 

Әділ қазылар сайланып, оқушылардың білімін және өнерін бағалап,қ азылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі өтті.

 

image062

image063

 

Жеңімпаз оқушылар дипломен және сыйлықтармен марапатталды.

 

image064