«Сарқылмас саяхат» туристік жәрмеңкесі

2014-05-24-1-1Облыс әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының «Көрме» орталығында облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Сарқылмас саяхат» 8-ші қазақстандық туристік жәрмеңкесі болып өтті.
Аталған туристік жәрмеңке жылжымалы түрде жыл сайын Қазақстанның әр облысында өтіп тұрады. Іс-шараның басты міндеті, облыстың ішкі және кіру туризмін дамыту, ОҚО туристік бағыттарын жылжыту.

2014-05-24-2


Сонымен қатар Қазақстандық туристік ұйымдар мен мекемелер арасында іскерлік қарым-қатынас орнату, өзара тиімді келісім шарттар мен меморандумдарға тұру болып табылады.

 

 

2014-05-24-3


Жәрмеңкеге мемлекеттік табиғи қорықтар мен табиғи саябақтар да белсене қатысты, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының туризм басқармаларының қызметкерлері, туристік мекемелер мен ұйымдар, қонақ үй және демалыс орындардарының өкілдері қатысты.

 

 

2014-05-24-4

2014-05-24-5


Және де туризм мамандарын даярлайтын жоғарғы және орта оқу орындары мен санаторилер, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Африка, Германия мен Ресейдің бұқаралық ақпарат өкілдері келді.

 

2014-05-24-6

2014-05-24-7


«Іле-Алатау» ұлттық мемлекеттік табиғи паркі үлкен дайындықпен келді.

 

2014-05-24-8

2014-05-24-9


Аталған жәрмеңкеден «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» де шет қалған жоқ. Осы жәрмеңкеге «Туризм, рекреация және экоағарту » бөлімінің қызметкерлері ат салысып қатысып қайтты.

 

2014-05-24-10

2014-05-24-11

 

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы парктің құрылу тарихы және міндеттері туралы түсіндіруде.

 

2014-05-24-12

2014-05-24-13


Қоғаммен байланыс жасау маманы парк туралы үнпарақтар таратуда.

 

2014-05-24-14

2014-05-24-15

 

Жәрмеңкеге қатысушы қорық және парк қызметкерлері барлығы жиналып, естелікке суретке түсті.

2014-05-24-16

 

Жәрмеңкеге аясында номинациялар бойынша конкурстар өткізіліп, Өңірлік парк те белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.