Студенттер іс-тәжірибеде

Өңірлік парк аумағында алғаш рет студенттер

іс-тәжірибеден өтуде.

2014 жылдың маусым айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Туризм» мамандығының студенттері  өңірлік табиғи парктің Боралдай филиалында іс-тәжірибеден өтті

Студенттер өңірлік парктің құрылу тарихи, жер көлемі, филиалдар  мен бөлімдер туралы және олардың қызметімен толықтай танысып,

парк аумағында ұйымдастырылған 4 туристік маршрут пен 3 туристік соқпақ  туралы ақпарат алды.

Маршрутта көрсетілгендей аттылы жүріп өтетін жолдарды атпен жүріп өту мүмкіндіктері де болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс – тәжірибе барысында студенттер Боралдай филиалындағы №2 «Тұра жартасы» және № 3 «Шұқыршақ сарқырамасы» туристік соқпағы мен  №4 «Аяқ сүңгі» және №5 «Орта сүңгі» туристік маршруттарын толықтай жүріп өтіп,

 

соқпақтар мен маршруттарды абаттандыру туралы өздерінің ойларымен бөлісті.

 

 

Болашақта студенттерден білікті туризм мамандары шығады деген ойдамыз.

 

Ағымдағы жылдың  шілде  айында  М.Әуезов атындағы               ОҚМУ-нің, «География» және «Биология» мамандығының студенттерімен дала практикасына Боралдай филиалына бардық. Студенттер бас мекемеде техника қауіпсіздігі ережелерімен танысты.

Боралдай филиалы  №2 айналымдағы қонақ үй тектес вагонға барып орналастық.

 

 

 

Содан сол жерде парк туралы, парктің мақсаты мен міндеті туралы түсіндірілді.

Және де техника қауіпсіздігі туралы тағы да қайталап өттілді.

Биологтар сол  маңайдағы өсімдіктерден гербарий жинады. Және де студенттердің жетекші маманы дәрілік өсімдіктердің көптеп кездескенін айтып кетті.

 

 

ал географтар жер қазып топырақтың құрамын зерттеді және де жақын арада орналасқан Қосмола тауының тастарын бақылады.

 

«студенттер естелікке фотосуретке түсіп, жабайы табиғатты тамашалады.

 

 

Дала практикасы барысында студенттер жақсы әсер алды.

 

 

 

Өз көздерімен барлығын бақылап, үлкен тәжірибе алды.