Облысқа сіңірген еңбегі үшін

image003Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Сырдария филиалы директорының орынбасары Жарылқапов Исабек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың 2014 жылғы 28 сәуірдегі №1-104ө өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жарылқапов Исабек осыған дейін бірнеше рет орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрмет грамоталарымен және Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.