Өңірлік табиғи паркінің өз рәміздері бар.

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес облысымыздағы өңірлік парктің рәміздері (эмблемасы мен туы) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2014 жылғы 14-шілдедегі№221 бұйрығымен бекітілді.

Оңтүстік Қазақстан облысының
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Эмблемасы


 Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің эмблемасы шеңбер тәрізді. Эмблема екі түстен тұрады, көк түс - ашық аспанның  және тіршілік әлемін, ал сары түс – күн сәулесінің нұры табиғатта шағылысуының символы болып табылады. Шеңбердің  жиегі  сары түстен, іші көк түстен  тұрады. Ішінде көк түспен жоғарғы жағында мемлекеттік тілде «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН» делінген. Жазудың  екі шетінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Төменгі жағында мемлекеттік тілде, көк түспен «мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» сөзі жазылған.
Эмблеманың жоғары жағында күн бейнеленген, ортасында мекеменің Боралдай филиалында өсетін, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлеріне жататын Кауфман қызғалдағының суреті бейнеленген. Оның үш жапырағы мекеменің үш (Сырдария, Түркістан, Боралдай) филиалдан  тұратындығының белгісінде бейнеленген. Қызғалдақтың оң жақ жапырағы ретінде бұғы мүйізі, сол жақ жапырағында арқар мүйіздері қазақ халқының ою-өрнегімен көрсетілген. Артқы жағында Орталық Қаратаудың ең әсем сілемдерінің бірі Қос Тұра жотасы, төменгі жағында Сырдария өзені бейнеленген.
Ал парктің туы көк түсті, жалау енінің арақатынасы 1:2.
Оңтүстік Қазақстан облысының
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
«Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Туы
Ту
Тудың негізгі элементтері:
Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туы көк түсті. Жалау енінің арақатынасы 1:2. 
Тудың сол жағында тік қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген.
Тудың ортасында  Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің эмблемасы бейнеленген. 
Тудың сол жағында тік қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген.

 Алдағы кезде өңірлік парк өзінің рәміздерін әртүрлі іс-шараларда пайдаланудың ерекше құқығына ие болды.