Парк «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» статусына ие болды!

Парк «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ»
статусына ие болды!

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 – наурыз 2014 жылғы №247 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне» қарасты жалпы аумағы 119 978 гектар жері бұдан былай орман қоры жерлері санатынан, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылды.
Бұл дегеніміз ендігі жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жауапкеншілік күшейе түсіп, табиғат қорғаудың қаталдау режимін енгізіледі деген сөз.

Бұдан былай жеке және заңды тұлғалардың ұзақ мерзімге жалға алынған аңшылық алқаптарын пайдалану жұмыстары тоқтатылып, алдағы кезде әуесқойлық және спорттық аң, балық аулау Сырдария – Түркістан
2003 жылғы 8 – шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
45 бабының – 2 тармағындағы және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 – шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы 22 бабының 4 – тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер – Министр С.Ахметов қол қойған қаулысында - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мекемесінің жалпы аумағы 119 978,418 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, делінген. Осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын және осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі деп көрсетілген.
Мысалы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283 – бабында көрсетілген Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдауға құқық бұзушылық болып есептеліп жеке тұлғаларға  - айлық есептік көрсеткіштің 10 – нан 15 дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға,  дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлерге 30-дан 40-қа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын тұлғаларға 100-ден  150 дейінгі мөлшерінде айыппұл салынса, ендігі жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттері заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлік құралдары мен құқық бұзушылық құралы болып табылатын заттары тәркілене отырып,жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің 20 – дан 25-ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын тұлғаларға 50- ден 70-ке дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 500 – ден 1500 – дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға болады.
Орман үшін пайдалы фаунаны құрту, сондай – ақ орманды қалдықтармен ластау, химиялық заттармен бүлдіру және орман қоры жеріне өзге де залал келтіргені үшін жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің 5-ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдар мен шағын немесе орта кәсіпкерлік субьектілерге немесе комерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға 20-ға дейінгі мөлшерінде ал ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 200-ден 250-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатын болса, бұдан бұлай айыппұлдың көлемі жеке тұлғаларға 7 – ден 10 – ға дейінгі мөлшерде лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субьектілерді немесе комерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға 80-нен 100-ге дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 400 –ден 500 – ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
Аң аулауды жанына серік еткен, оған ерекше қызығатын азаматтардың есіне, бұрын Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану туралы құқық бұзушылық туралы кодекстің 298 бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ескерту жасау немесе жеке тұлғаларға – 5 айлық көрсеткішпен келтірілген залалдарға бөлек айыппұл салынатын, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 50, ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 100 – айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген болатын, ендігі өзгерістен соң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттері үшін, әкімшілік құқық бұзушылық заттары немесе құралдары тәркілене отырып жеке тұлғаларға 40 – тан 70-ке дейінгі мөлшерде, лауазымды адамдарға дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 100 – ден 150 – дейінгі мөлшерде. Ірі кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын тұлғаларға 300 – ден 1000-ға дейінгі мөлшерде айыппұл салынып немесе 2 жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соқтырады.
2014 жылы күзгі аң аулау маусымына аң аулау жолдамасы бұрынғыдай аумақтық инспекция немесе аңшылық бірлестіктерінен емес, Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің өзінен тікелей жолдамаларды алу құқығы берілді. Мысалы: жабайы шошқаға, қоянға, қырғауылға, кекілік пен үйректерге маусымдық жолдама ала алады.