Парк аумағындағы жерлер тендерге қойылуда.

Парк аумағындағы жерлер
тендерге қойылуда.

   Сырдария -Түркістан МӨТП – де реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру мақсатында жерлерді ұзақ және қысқа мерзімге жерлерді №910 қаулыға сүйене отырып жалға беру жұмыстар жүріп жатыр. Реттелмелі туризм мен рекреяция мақсатында Тақыркөл орманшылығы мен Байырқұм орманшылығынан жерлер тендерге қойылады. Осы мақсатта бірнеше жеке кәсіпкерлер тендерге қатысуға өтініштерін беруге болады.
Осы мақсатта тендерге қатысатын жеке кәсіпкерлер құжаттар жинап өтініш білдіруде, атап кететін болсақ:

 Тендерлік құжаттама тізбесі

  1. Еркін түрдегі өтініш және өтініш берушінің жеке куәлігі
  2. Лоттарға құжаттама
  3. Жеке кәсіпкердін мемлекеттік тіркелу куәлігі
  4. Нотариалды куәландырылған ЖАРҒЫ
  5. Бүгінгі танға дейінгі міндетті зейнатақылық салым мен әлеуметтік аударым иуралы салықтық берешегі жоқ туралы анықтама
  6.  Банктік жеке есепшоттың анықтамасы
  7. Банкке берешегі жоқтығы туралы анықтама
  8. Арнай техниканы жалға алу туралы келісім шарты
  9. Барлық техникаларының техникалық паспорты
  10. ЖШС-те жұмыс істейтін қызметкерлер тізбесі
  11. Біліктілігі туралы мелімет (жұмысты не қызметті сатып алушы толтырады)
  12. Ұйымның барлық мемлекеттік лицензиялары
  13. ЖШС-ң жарғысы
  14. Болашақта салынатын құрлыстын суреттері
  15. ЕҚТА-та қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шаралардын тізбесі
  16. Жобаның қысқаша сипаттамасы
  17. Келісімнің ниеті (договор намерения)

 

 

 

 

 

   Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 5 шілдедегі №910 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 496-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы №1181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 403-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ