Өзбекстанның астанасы- Ташкент қаласындағы ғылыми-өндірістік конференция.

 

       Ағымдағы  жылдың 8 – 10 қыркүйек күндері Ташкент қаласындағы «Өсімдіктер және жануарлар гендік қоры  институтында»  профессор У.П.Пратовтың 80 жылдығына орайластырылған «Биологиялық алуантүрлілік, өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтау және ұтымды пайдалану» ғылыми – өндірістік конференция болды. Бұл конференцияға өңірлік парктің ғылым ақпарт және мониторинг бөлімінің бастығы Төлеміс Елібек Худиярұлы қатысып қайтты.

image001.jpg

Конференция барысында өсімдіктер дүнйесі (флора), өсімдіктердің систематикасы мен географиясы жөніндегі секция бойынша 6 баяндаманы, өсімдіктер қауымдастығы мен өсімдіктер ресурстары бойынша секциядан үш баяндаманы тыңдалды. Алматы қаласындағы ҚР Ботаника және фитоинтродукция институтының директоры б.ғ.д Г.Т. Ситпаеваның «Сырдария Қаратауының тау алдындағы жазығындағы шешуші ботаникалық аумақтардағы түрлердің құрамын зерттеудің ерешеліктері» баяндамасында біздің өңірлік парк үшін қажетті ақпараттар айтылды. Бұл баяндамада Қаратау өңірінде антропогендік факторлардың әсерінен (мал жаюдан, шөп шабудан, кесуден, өрттерден, өнеркәсіптік игеруден) өсімдіктердің кейбір жекелеген түрлерінің, олардың өсіп – даму орындарының жойылып кету қаупі бар екендігі атап көрсетілді.

image002.jpg

Жалаңаш мияның (қызылмия) Оңтүстік Қазақстан облысының  өңірлік Қызыл кітабына енгендігі айтылды, яғни біздің облыс үшін бұл өсімдік сирек және жойылып бара жатқан түрге жатқандықтан ерекше қорғауға жататындығы атап өтілді. Қаратау өңірінің өсімдіктер қауымдастығының жайының қазіргі жағдайын бағалау нәтижесінде бұл өңірдегі бірегей табиғи кешендерді, эндемик өсімдіктерді сақтаудың өте қажет екендігі, оларды қорғауды күшейту керектігі атап көрсетілді.

   «Қызылорда облысының Сырдария өзенінің жайылмалары мен атырауындағы өсімдіктер қауымдастығы түрлерінің құрамының ерекшеліктері» туралы Ботаника фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкері А.А. Шорманованың баяндамасында тоғайлардың, оның ішінде тораңғылдың, талдардың, жыңғылдардың, сол сияқты тұзға төзімді ылғал сүйгіш өсімдіктердің сипаттамалары келтірілді. Бұл өңірдегі өсімдіктердің түрлерінің құрамы біздің облыстағы өңірлік табиғи парктің аумағындағы Сырдария өзенінің жайылмаларында өсімдіктер құрамымен ұқсас екендігі анықталып отыр.

image003.jpg

Конференцияның арасында Өзбекстанның орман шаруашылығы мен сәндік бау шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығында болып, кәдімгі пістенің жабық тамыры көшеттерінің өсірілу жағдайымен танысып, алдағы күзде сатып  алу мәселері талқыланды.