Экологиялық дәліз құру жоспарлануда.

Экологиялық дәліз құру жоспарлануда.

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мен «Қаратау  қорығы» арасында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық табиғат қорғау            одағының Қызыл кітабына енген, эндемик болып табылатын «Қаратау арқарының» миграциялық жолдарында қорғау жүзеге асыру мақсатында «Экологиялық дәлізді» белгілеп құру, қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.

 

Өйткені, бұл мәселені шешу қажеттігінің мынадай себептері болып отыр: Қаратау тау жүйелері Тянь-Шань тауының батыстағы тірегі болып,

 

облысымыздың Түлкібас, Бәйдібек, Түркістан, Созақ аудандарының аумақтарын алып жатыр.

 

 

Бұл өңірде өңірлік табиғи парктің Боралдай филиалы мен  «Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы», Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің

 

Түлкібас филиалы мен «Қаратау табиғи қорығы» сияқты ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелері орналасқан.

 

 

Көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аралығында мекендейтін сирек кездесетін аңға жататын Қаратау арқарының миграциялық жолдары өтеді.

 

 

 

Бұл жолдарда Қаратау арқары маусымдық миграция (төлдеуі, қыстауы күйлеуі) жасаған кезеңінде қорғауға алынбай, күзету жүргізілмегендіктен браконъерлер тарапынан қолжетімді болып, залал шегіп атылып жатады.

 

 

Нәтижесінде Қаратау арқарының санының өсіп, молаюы өз дәрежесінде болмай отыр.Экологиялық дәлізді белгілеу үшін жеке жобамен жаратылыстану-ғылыми негіздеме әзірленуі тиіс. Мұндай мәселені шешудің үлгісі ретінде киіктер таралымының санын қалпына келтіру және көбейту мақсатында Қостанай облысының аумағында жергілікті облыстық әкімдіктің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 245 қаулысымен «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізін құру туралы қабылданған қаулысын атап кетуге болады.

 

 

 

 

 

 

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздеменің жобасында облысымыздағы Қаратау жотасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасында «Қаратау арқарының» миграциялық жолдарында оларды қорғау мақсатында «экологиялық дәліздерді» құру ұсынылған.

 

 

 

Экологиялық дәліз құрылған жағдайда ерекше қорғалатын табиғи аумақтан тыс орналасқан миграциялық жолдарда қыстау мен төлдеу кезінде, күйге түсу мерзімінде мемлекеттік инспекторлар тарапынан кузету, қорғау шаралары жүргізіліп, олардың сақталып молаюына қолайлы жағдай жасалады.

Осы мәселені зерттеп шешу мақсатында «Қаратау қорығы» мен

 

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» аралындағы Қаратау арқарының көшіп-қонып жүретін экологиялық дәлізіне 2014 жылы 15-16 шілде аралығында аталған мекеме басшылары мен мамандарының қатысуымен экспедиция ұйымдастырылды.

Нәтижесінде жобаланатын экологиялық дәліздегі 14 нүктенің координаттары анықталды. Экологиялық дәліздің жалпы ауданы 201561 га, оның ішінде Бәйдібек ауданы бойынша 105168 га, Созақ ауданы бойынша 1725 га, Түркістан ауданы бойынша 52584 га, Түлкібас ауданы бойынша 26281 га болып отыр.

Экологиялық дәліз ретінде жобаланып отырған учаскелердің Бәйдібек ауданындағы аумағы далалы, қыратты, шаруашылыққа қолайлы, бұлақтары көп болса, ал Түркістан,

 

Созақ аудандарындағы аумағы таулы, жартасты, құздардан тұрады, су тапшы болғандықтан шаруашылыққа қолайсыз болып келетіндігі анықталды.