Халықаралық тілдер күні

       «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»

ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығымен бекітілген тізбеге сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасының халқы тілдерінің күні болып белгіленген.

      

Осыған байланысты 22 қыркүйек күні бас мекемеде барлық қызметкерлердің бас қосуымен дөңгелек үстел өткізілді.

    Әнұран орындалып, мекеменің бас директоры Б.Мошқалов «Халықаралық тілдер күні»  мерекесімен құттықтап, дөңгелек үстелді ашып берді.

  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тақырыпта қоғаммен байланыс жасау маманы Г.С.Тынказиева баяндама оқып,осыған сәйкес слайд көрсетілді.

 

        Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңдарына тоқталып өтілді.

 

 

   Кіші ғылыми қызметкер А.Х.Жанқонысова тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.

 

Және де орманды пайдалану инженері С.Жолдықараев та  өлең шумақтарын оқыды.

 

 

    Сондай ақ, мекеменің филиалдарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, Боралдай филиалының қызметкерлері Л.Өтешов атындағы орта мектебінің оқушыларымен «Өнер алды қызыл тіл»  тақырыбында кездесу өткізді.